“Оқжетпес” оза шапты
Қызықты ойын болды. «Оқжетпес» шу дегеннен алға қарай лап қойған. Бірақ «Ақжайық» алғашқы шабуылында-ақ гол соғып, есеп ашты. Көкше футболшылары саспады. Керісінше, шабуылды үдетіп, көп созбай таразы басын теңестірді. Әрі бірінші таймның аяғына дейін тағы екі гол соғып, тайраң қақты.
Көкше футболшылары екінші таймның басында төртінші рет Қалменовті қапы қалдырып, қуанышқа бөленді. Соңғы турлардағы сәтсіздіктерінің есесін қайтарып, көсіле шапты. Бірақ «Ақжайық» футболшылары үш доп айырмасымен ұтылып жатса да, жасымады.
Орал командасының ойыншылары матч соңында шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіру мүмкін болмаса да, есепті қысқартуға тырысты. Әрі бір гол соғып, дода көрігі қыза түсті де. Бірақ одан әріге «Ақжайықтың» шамасы жетпеді.
«Оқжетпес» – «Ақжайық» – 4:2
Голдар: Антипов, 7 (0:1). Нганбе, 10 (1:1). Ристович, 35 (2:1). Хайруллин, 44 (3:1). Нганбе, 51 (4:1). Бегалин, 81 (4:2).
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чичулин, Чижов, Волков, Еоне, Нганбе, Ристович (Жұмақанов, 78), Мангуткин, Юрин (Куксин, 90+2), Хайруллин, Молдақараев (Бөлешев, 70).
«Ақжайық»: Қалменов, Тапалов, Колуния, Ортиз, Николич, Говедарица, Антипов (Сергиенко, 46), Валиуллин, Омаров (Қайыров, 58), Шевцов, Хромцов (Бегалин, 70).
“Астана” “Таразды” тізе бүктірді
Көш басындағы және соңындағы командалар арасындағы матчта «Астана» түзде ойнаса да, үнемі шабуылдаумен болды. Бірақ бірінші таймда гол соға алмай, бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.
Екінші таймда осындай мәтінде өтті. Қонақтар алаң иелерін қыспаққа алып қанша шабуылдаса да, алаң иелерінің қақпасына доп енгізе алмай қойды. С.Стойлов өздеріне артылған сенімді ақтай алмаған екі легионерін алмастыруға мәжбүр болды.
Ойын аяқталуға айналғанда, 85 минут бойы ел чемпионының пәрменді шабуылдарына төтеп берген «Тараздың» қорғанысы сыр бере бастады. Айналасы алты-сегіз минуттың ішінде алаң иелерінің қақпасына төрт гол соғылды. Бірақ төрешілер оның екеуінде «оффсайд болды» деп, есепке алған жоқ.
«Тараз» – «Астана» – 0:2
Голдар: Деспотович, 88, Мұжықов, 90.
«Тараз»: Григоренко, Баялиев, Мера, Воротников, Данилюк, В.Евстигнеев (Недашковский, 83), Нұралы (Д.Евстигнеев, 46), Таубай, Сүлей, Байтана (Шахметов, 46), Мане.
«Астана»: Эрич, Постников, Логвиненко, Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Абдурахими (Тағыберген, 60), Мұжықов, Аруна (Деспотович, 50), Нөсербаев (Щеткин, 86).
“Жетісу” мен “Ақтөбе” ұпай бөлісті
Талдықорғанда өткен ойынды жоғары қарқында өтті деп айта алмаймыз. Бірақ екі команда алма-кезек шабуылға шығып, дамыл тапқан жоқ. Бірақ екеуі де гол соға алмай, бірінші таймды тәмамдады.
Екінші таймның басы да солай болды. Бірақ 70-минута «Жетісудың» қақпасының алды опыр-топыр, ұмар-жұмар болып, Цвейбаның акробатикалық тәсілде соқан добы қақпа ішінен бір-ақ шықты.
Ал алаң иелері таразы басын ізін суытпай теңестірді. Әмірсейітов айып соққысын орындап, алыстан шірене тепкен добы қақпа торын да тесіп кете жаздады. «Жетісу» қонақтарынан басымдау көрінгенімен, ойын осылай тең аяқталды.
«Жетісу» – «Ақтөбе» – 1:1
Голдар: Цвейба, 70 (0:1). Әмірсейітов, 73 (1:1).
«Жетісу»: Пасеченко, Әмірсейітов, Кадио, Клайн, Сағындықов (Харун-Заде, 81), Моисов (Азовский, 72), Джалович, Шабаев, Тұрысбек, Симоновски (Калинин, 60), Савич.
«Ақтөбе»: Павлов, Куаджа, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Азовский, Крюков, Смақов, Бочаров, Жалмұқан (Тілешев, 87), Жаңғылышбай (Шестаков, 59).
“Тобыл” Тетрадземен жеңіске жетті
Жақында ғана жаңа бас бапкер тағайындаған «Тобыл» өз алаңында жеңіске жетті. Мұқият ойнап, бас бапкерінің тактикасын жүзеге асыруға тырысты. Ал «Ордабасы» ойыншылары ұжымдық ойын өрнегін жоғары деңгейде көрсете алмады десек, қателеспейтін сияқтымыз.
Қалай десек те, «Ордабасы» төмен сырғып барады. Қазір «Ақтөбемен 5-6 орындарды бөлісіп тұр. Үшінші тұрмақ, төртінші орынға да тұрақтай алмады. Тактикалық тұрғыда да сауатты ойын өрнегін көрсете алмай жүр. Ал «Тобыл» бір саты жоғары көтерілді.
«Тобыл» – «Ордабасы» – 1:0
Гол: Хижниченко, 58.
«Тобыл»: Логиновский, Мирошниченко, Яворский, Кассай, Главина, Жулпа, Шимкович, Мухутдинов, Деак (Джалилов, 87), Жұмасқалиев (Досмағамбетов, 68), Хижниченко (Дудченко, 89).
«Ордабасы»: Бойченко, Қожабаев (Трифунович, 85), Трайкович, Абдулин, Ирисметов (Төлебек 57), Диакате, Симчевич, Бейсенов, Нұрғалиев, Касалица, Юнузович (Тәжімбетов, 78).
“Ертістің” “Шахтерге” шамасы жетпеді
«Ертіс» өз алаңында «Шахтермен» тең түсіп, екі ұпай жоғалтты. Павлодарда көш соңындағы командалармен тең түсуі дағдыға айналып бара жатқандай.
21 мамыр күні өткен ХІІ-турда «Ақжайыққа» да гол соға алмаған. Бүгін «Шахтердің» қақпасының да "құлыпын" аша алмады.
«Ертіс» осылай «Астанаға» ілесе алмай, өкшесін басқан «Қайраттың» ұпай айырмасын әр тур сайын қысқарта түсуіне мүмкіндік беріп алып жүр. Қарқынын үдетпесе, екінші орыннан айырылып қалуы да әбден мүмкін.
Ал «Шахтер» ше? Қарағандылықтар түзде көшбасшымен тең түсіп, бір ұпай олжалағандарына мәз, әрине. Көш соңындағы командалар үшін әрбір ұпайдың маңызы зор емес пе...
«Ертіс» – «Шахтер» – 0:0
«Ертіс»: Лория, Ахметов, Йирсак, Фрейдгеймас, Малый, Фонсека, Джаллоу, Фаль, Гогуа, Есімов, Мұртазаев (Гетериев, 68).
Шахтер: Багинский, Тарасов, Садовничий, Курилов, Пикалкин, Сзоке, Габышев, Ермеков (Зенели 67), Уббинк (Ягуби 80), Байжанов, Финонченко (Нұрыбеков 59).
“Қайрат” “Атырауды” ойсырата жеңді
«Қайрат» биылғы маусымдағы үшінші ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы «Атыраудан» үстем түсті. Әрі Алматыдағы матчта жеті гол соғылып, осы турдағы ең нәтижелі ойын болды.
«Атырау» алаң иелерінің алғы шептегі жұлдыздарын тұсаулап ұстай алмады. «Қайраттың» Исламхан бастаған жартылай қорғаушылары мен шабуылшылары 8500 көрерменді ырза қылып, емін-еркін көсілді.
Бірақ «Қайраттың» қорғанысының жігі бітеу емес екені байқалады. «Атырау» футболшылары бірнеше рет алматылықтардың қорғанысын бұзып өтіп кетті. Бірақ бірде қақпашыдан айласын асыра алмай, енді бірде өздері асып-сасып, мүлт кетті.
«Қайрат» – «Атырау» – 5:2
Голдар: Аржанов, 17 (0:1). Исламхан, 22 (1:1). Исаэль, 28 (2:1). Аршавин, 45+1 (3:1). Исламхан, 65 (4:1). Гоу, 85 (5:1). Куртеян, 87 (5:2).
«Қайрат»: Плотников, Қуантаев, Маркович (Вороговский, 86), Рудосельский, Тесак (Лунин 76), Бакаев, Қуат, Исаэль (Дарабаев 81), Исламхан, Аршавин, Гоу.
Атырау: Нарзикулов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме, Мулдаров (Кузьмин 58), Эсатов, Қонысбаев (Макась, 78), Сапаров, Куртеян, Аржанов, Трытко (Шабалин, 74).