Кеше Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті кезекті басқосуын өткізіп, біраз мәселелерді талқылап, бірнеше шешім қабылдапты. Атап айтқанда:
– ҚФФ Бас Хатшысы Азамат Серікұлы Айтқожиннің өз еркімен қызметінен кету өтініші қабыл алынды;
– ҚФФ Бас Хатшысы міндетін атқарушы болып Еркебұлан Ермекбайұлы Хасенов тағайындалды;
– ҚФФ бірінші вице-президенті болып Николай Ильич Мещеряков тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды қызметті атқарған Бағлан Қожабайұлы Ергешев Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы президенті болып сайлануына байланысты вице-президент болып бекітілді.
Сонымен қатар, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Президенті кубогы» халықаралық турнирін өткізу туралы ереже бекітіліпті. Атқару комитеті Бюросының шешімдері қабыл алынып, бекітілген.