Вернуться к списку статей

“Атырау” Никитенконы бас бапкерлік қызметінен босатты

Футбол
1K
Фото pflk.kz сайтынан
“Атырау” футбол клубы Владимир Никитенконың өз еркімен қызметінен кетуі жөнінде жазған өтінішін қабыл алып, бас бапкерлік міндетінен босатты.

9 мамыр күні «Атырау» түзде «Ақтөбеден» 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын. Осы ойыннан кейін Владимир Никитенко өз еркімен қызметінен кеткісі келетіндігін білдіріп, өтініш жазған. Бұл ақпарат отандық басылымдарда кеше жарық көрді де.

Бүгін «Атырау» клубының басшылығы Владимир Андреевичтің өтінішін қабыл алып, оның отставкаға жіберді. Бұл ақпарат аталған команданың ресми сайтында жарияланды.

Енді клуб басшылары жаңа бас бапкер іздеуге көшіпті. Ал бас бапкердің міндетін уақытша атқару Никитенконың көмекшісі болған Юрий Коньковқа жүктелген.

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау» Қазақстан премьер-лигасында тоғыз ойыннан жеті ұпай еншілеп, «Ақжайықпен» 9-10 орындарды бөлісіп тұр.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика