УЕФА туы астындағы 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы халықаралық дода, яғни «Даму кубогы» биыл Македонияда өтеді. Биылғы додада Украина, Қазақстан, Македония және Люксембург бозбалалары бақ сынайды.
Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы бүгін алғашқы ойынын алаң иелерімен өткізеді. Аталған матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Жаплпы, «Даму кубогы» додасының биылғы ойын кестесі төмендегідей:
17 сәуір, жексенбі
Украина – Люксембург – 16:00
Македония – Қазақстан – 21:00
19 сәуір, сейсенбі
Украина – Қазақстан – 16:00
Македония – Люксембург – 21:00
21 сәуір, бейсенбі
Люксембург – Қазақстан –16:00
Македония – Украина – 21:00
Естеріңізге сала кетейік, 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы турнир қарсаңында Талғарда дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бапкерлер құрамы Македонияға мына футболшыларды әзірлеген болатын:
қақпашылар – Владислав Саенко («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»), Олег Медведев («Астана»);
қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Нұралы Мамырбаев («Ордабасы»), Сағи Совет («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Санжар Әйтім («Астана»), Иван Сизов (ЦСКА, Алматы), Әлім Ілиясов («Астана»);
жартылай қорғаушылар – Мәди Жақыпбаев («Астана»), Руслан Махан («Қайрат»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Амал Сейітов («Еңбек», Алматы),
шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник», Тараз), Денис Красноперов («Ертіс»), Лев Скворцов («Астана»), Марк Ким («Еңбек», Алматы).