→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

06-01-2025
ПСЖ мен «Сити» қызыққан өзбекстандық футболшы туралы не білеміз?
Футболдан Өзбекстан құрамасының және «Ланс» (Франция) клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы инсайд ақпараттар толастар емес. 20 жастағы футболшыға «Манчестер Сити» мен ПСЖ қызығып жатқан көрінеді. Бұл туралы ақпаратты басқа-басқа емес, әйгілі инсайдер Фабрицио Романо жазыпты. Мбаппенің «Реалға» қашан келетінін дәл анықтаған Романоның қателесетін кезі сирек. Ендеше Фабрицио айтса, сөзінің жаны бар. Осы ретте Хусанов деген кім? Ол қалай жарқ ете қалды деген сұраққа жауап іздеп көрмекпіз.

12-12-2024
Бокстан Азия чемпионаты: Қыздарымыз қуантып, ерлеріміз өзбектерден қалды
Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте Өзбекстанды алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады.

23-09-2024
Плей-оффта Португалиямен кездесетін болдық
Бұл күндері футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионаты нағыз қызған шағына келді. Топтық кезеңдер аяқталып, плей-офф бәсекесі басталды.

13-09-2024
Футзал: Әлем чемпионатында ұлттық құраманың мүмкіндігі қандай?
Ертең Өзбекстанда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқан доп додасына 6 құрлықтың 24 құрамасы қатысады. Әлемнің ең үздік құрамалары қатысатын жаһандық сайыста Қазақстан футзалшылары доп тебеді. Әр төрт жылда бір рет өткізілетін дүбірлі додаға Кака бастаған біздің жігіттер осымен төртінші, ал қатарынан үшінші мәрте қатысқалы жатыр. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала, Колумбия және Литвада өткен әлем біріншіліктерінде бақ сынаған.

28-05-2024
Қазақстан Испаниямен бір топқа түсті
Қазақстан Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен бір топқа түсті

16-05-2024
ELORDA CUP: Жартылай финалға шыққандар анықталды
Қазақстанның 31 боксшысы «Елорда кубогының» жартылай финалына шықты