«Еркек болған соң, еркекте проблема болу керек. Спортта жүрген соң, басқа дүниелерді құрбандыққа шала білу қажет. Достарың кейде түнгі 11-де шақырады, ал саған 10-да ұйықтау керек. барсаң қызық болуы мүмкін. Алайда сондай сәтті де құрбан ету білуге тиіссің. Өйткені түнге 1-де қанғырып жүргенін жарыс кезінде өз кедергісін тигізеді. Кейбір жерлерде витаминге ақшаң болмай жатады. Ондай шыдай білу қажет. Еркек әрбір сынаққа төзімді болғаны дұрыс. Еңбек және тәртіптен де бұрын ең маңыздысы – жарыстағы психология», - дейді Ризабек Айтмұқан.
«Егер жарысқа барып, жүрегің болмаса, 100 жыл тоқтамай еңбек етсең де, жеңіске жете алмайсың. Өйткені жүрегіңде ұтамын деген батылдық жоқ. Чемпиондыққа жекпе-жек 25 минут керек болса, сол уақытта бар күшіңді салуың керек. әріқарай Алла тағалла өзі реттейді. Ұтсаң бұйырғаны болып тұр. Жеңілсең, қайырлысы. Бірақ жай еш күн салмай, бұйырғаны осы деп айта салған да дұрыс емес», - дейді әлем чемпионы.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында (92 келі) әлем чемпионы болған. Ал былтыр алдымен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Одан кейін 23 жасқа дейінгі балуандар арасында да қарсылас шыдатпады. Ризабек еркін күрестен 3 санат бойынша ( ересектер, U20, U23) әлем біріншілігінде топ жарған алғашқы қазақстандық балуан.