Вернуться к списку статей

«Қайрат» үш дүркін Қазақстан суперкубогының иегері атанды

Футбол
1K
Қазақстанда футболдан жаңа мауым басталды. Шымылдық ашар ойын Қазақстан суперкубогымен басталды.
 
Бір жылдан бері елордадағы «Астана-Арена» стадионы жабық тұрған болатын. биыл жөндеу жұмыстары аяқталып, еліміздің басты стадионы ашылды. Бірден «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы суперубок ойынын қабылдады. Жанкүйерлер де футбол матчын сағынып қалған екен. Стадионға 23 мың адам жиналды.
Енді матчқа тоқталсақ, екі клуб та әлі маусымға толық дайын емес екенін байқатты. Әсіресе, «Ақтөбенің» ойыны басқа тұрмақ, өз жанкүйерлерінің көңілінен шыққан жоқ. Бас бапкер Игорь Леонов әзірге команданың ойын балансын реттемепті.
«Қайраттың» қауқары аса қатты байқалмады. Дегенмен қарсыласының әлсіздігін тиімді пайдалнып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы екі гол да екінші таймда соғылды.
Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.
Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.
Айта кетейік, екінші таймның ортасында алаңға «Қайраттың» әйгілі жас ойыншысы Дастан Сәтпаев шыққан. Форвард тәуір ойнағанымен, гол соғатын бірер сәтті пайдалана алмады.
Кездесуден кейін екі команданың бас бапкерлері пікір білдірді. «Қайрат» жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбемен» ойынға мақсатты түрде дайындалғанын жеткізді.
«Енді чемпионаттың алғашқы турында «Астанамен» кездесеміз. Ол ойынға да бөлек жоспар құрып дайындаламыз. Әзірге өзіміздің толық бабымызға келдік деп айта алмаймыз. Әрбір жаттығу, ойын сайын деңгейімізді көтереміз. Бұл Қазақстан суперкубогы «Астанамен» матчқа репитация болған шығар. «Астана» - бөлек қарсылас. Оларға басқа тактика болады», - дейді Уразбахтин.

Бас бапкер бірінші таймда команда өзі ойлағандай ойын көрсетпеген. Өйткені орталық жартылай қорғаушылар тым жоғары көтеріліп кетті деп отыр. Ал шабуылшылар бір-бірінен алшақ жүрді дейді.
«Үзілісте бәрін түсіндірдік. Кейбір сәттерді талқылап, басқаша ойнауға тырыстық. Бірінші таймда соққы аз болды. Шабуылға жақын футболшылар көбірек қысым көрсетуі қажет еді. Әйтеуір екінші таймда тапсырманы орындады. Алайда бізде мақсат жоғары. Барлық турнирде жақсы нәтиже көрсетуге тиіспіз», - дейді ол.
Екінші таймда алаңға 16 жастағы Дастан Сәтпаев шықты. Команда 10 ойыншыға қалса да, бас бапкер тәуекелге барды. Астаналық көрермен жақында «Челсимен» келген футболшыны жылы қабылдады.
«Футбол – жасанды түрде ештеңе істей алмайтын ойын. Біз Сәтпаевты алаңға шығарамыз деп жоспарлаған едік. Бірақ қапталдағы жартылай қорғаушының орнына емес, шабуылға ойнатамыз деп ойлағанбыз. дегенмен, алаңда 10 адамға қалған соң, есепке ойнауға тура келді. Біз оны өз позициясына ойната алмадық. Соның өзінде бір гол соғатын мүмкіндігі болды», -дейді бапкер.
Игорь Леонов, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:
– Бүгін жеңіске жетеміз деп жоспарлаған едік. Бірақ қорғаныстағы өрескел қателік екі гол алып келді. Дегенмен жігіттер жарады. Қолдарынан біраз нәрсе келетінін байқатты. Алда қателікпен жұмыс істейтін боламыз.
– Неліктен, Тапалов алаңнан қуылған соң, үлкен күшпен шабуылдауға тырыспадыңыздар?
– Біз әрине шабуылға шыққымыз келді. Алайда «Қайрат» қос қаптал мен ортаны ұстай білді.
– Бағдат Қайыровты екінші таймда ауыстырып тастадыңыз. Не себеп болды? Ал гол әкелген Рабиуды тиіскен жоқсыз...
– Рабиу жақсы ойнады. Иә, бір қателік жасады. Бірақ ол матч соңында болды. Өзі жақында келді. Соған қарамастан бабында. Қайыровтың аздаған жарақаты бар. Негізі үзілісте ауыстырамын деп ойлағанмын.

«Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 2:0
 Голдар: Сантана, 58 (1:0). Валерий Громико, 87 (2:0).
Алаңнан қуылды: Еркін Тапалов, 62.

«Қайрат»: Александр Заруцкий (қ), Еркін Тапалов, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Юг Станоев,  Офри Арад, Валери Громыко (Жоржиньо, 89), Дэн Глэйзер, Георги Зария (Дастан Сәтпаев, 69) – Элдер Сантана, Жоао Пауло (С);
«Ақтөбе»: Андрей Влад (қ), Лев Скворцов, Әлібек Қасым (С), Неманья Анжелкович, Бағдат Қайыров,  Риливан Рабиу (Дархан Бердібек, 90), Уче Агбо, Еркебұлан Сейдахмет, Фредди Гондола, Ыдырыс Умаев, Оралхан Өміртаев;
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Көмекшілері: Тимур Тұрсымбаев, Нұржан Жүнісов (екеуі де – Астана)
VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR төрешісі: Тимур Кумашев (Астана)
Резервтегі төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Инспектор: Александр Борисов (Семей қ.)
 «Астана Арена» стадионы, Астана. 23975 көрермен.
 
 
 
Яндекс.Метрика