Қазіргі таңда UFC лигасындағы басты үмітіміз Шавкат Рахмонов (17-0) 2023 жылдың қорытынды жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы америкалықСтивен Томпсон (17-6-1). Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті 17 желтоқсанда таңда тікелей эфирден көре алады.
UFC 296 кеші Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Букмекерлік кеңселердің бәрі 29 жастағы қазақ спортшысының жеңісіне сенімді. Рахмонов жартылай орта салмақтың рейтингінде бесінші, ал Томпсон алтыншы болып тұр. Отандасымыз осыған дейін ММА аясында 17 жекпе-жектің бәрін жеңген. Оның ішінде бесеуін UFC аясында өткізген.
Соңғы рет 4 наурызда америкалық Джефф Нилдің осалтұсын тапқан еді. Қарсыласы ардагер спортшы. 40 жастағы Томпсон ережесіз жек-жекте 24 рет сегіз бұрышқа шығып, 17 рет жеңіске жеткен. Сонымен қатар бір кездесуі тең аяқталған, алты рет қарсыласына есе жіберген.
UFC 296 Астана уақытымен таңғы 6:00-де басталады, негізгі кард 9:00-де басталады, Рахмонов пен Томпсон октагонға шамамен 9:30-да шығады.
Осы турнирдің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.
Шавкат жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге белдесу өте ме деген сұраққа да жауап берді.
«Ислам – чемпион және UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады. Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді», - деді Рахмонов.
Отандасымыз чемпиондық белбеуге келесі жылы таласқысы келеді.
2024 жылы UFC промоушенінің чемпиондық атағы үшін жұдырықтасқысы келетінін айтты.
«Мен келер жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп Қазақстанға қайту», - дейді қазақ спортшысы.