Вернуться к списку статей

Овертаймдағы олжа. «Барыс» бұл жолы қуантты

Хоккей
250

Осы күні «Барыс» жеңсе жанкүйерлер қуанатын болды. Өйткені мұндай қуаныштар соңғы кездер тым сиреп кетті. Әйтеуір, осы жолы елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын әупірімдеп жүріп, овертаймда жеңді.

«Барыс» пен «Нефтехимик» бұған дейін 43 рет кездесіпті. Соның 25-і Астана командасының пайдасына шешілсе, қалғанында ресейлік ұжымның жолы болған. Бұрынғы статистика Қазақстан командасы жағында. Абыройболғанда осы жолы да ұятқа қалдырмады.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жеткен еді. Бүгін тағы ұпай жоғалтса, жағдай тіптен қиындар еді. Намысқа тырысып, овертаймда болса жеңісті жұлып алды.

Бас бапкер матчта мына ойыншыларға сенім артқан еді: Шутов (Паскуале) – Скленичка-Ножье, Старченко-Омирбеков-Рымарев; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Муратов; Гайтамиров-Королёв, Мусоров-Камара-Оберг; Нұрғалиев-Никитин, Рахманов-Гурков-Оспанов.

Кездесу жалпы тартысты өтті. Екі жақта бір-бірінен қалыспай, голға голмен жауып қатып отырды. Әрбір кезеңде екі команда бір-бір шайбадан салып, негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. Атап айтар болсақ, «Барыстан» Руслан Оспанов (12-минутта), Нельсон Ножье (33-минутта) және Кирилл Савицкий (56-минутта) мергендік танытса, қонақтардан Андрей Белозёров (8 және 40-минутта) дубль авторы атанды. Сондай-ақ бір голды Александр Дергачев (58-минутта) өз атына жазды.Сөйтіп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда елордалық командадан Понтус Оберг жеңіс шайбасын соқты.

Енді «Барыс» келесі ойынын 27 қарашада елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 4:3

Шайба:
0:1 – 07:39 Белозёров (Дергачёв, Якупов).
1:1 – 11:11 Оспанов (Гурков).
2:1 – 32:07 Ножье (Шестаков).

2:2 – 39:06 Белозёров (Сетдиков, Кашников).
3:2 – 55:28 Савицкий (Муратов, Шалапов).
3:3 – 57:04 Дергачёв (Белозёров).
4:3 – 61:31 Оберг (Камара).

12593

Ғалым Мәмбетәлиев, «Барыс» клубының бас бапкері:

– Матч тең дәрежеде өтті. Негізгі уақытта жеңуге болар еді. Бірақ басымдықты ұстап тұра алмадық. Бастысы, овертаймда болса да жеңіске жеттік. Қарсыластың деңгейі жақсы. Олар да қарқын алған. Осындай командадан басым түсіп, жігіттер өздеріңе сенімділіктерін арттырды.

Бүгін ЛаБейта, Червени, Барбера болған жоқ...
– Червени ауырып қалды. Барбер мен ЛаБейтаны әзірге ойынға шығармаймыз деп шештік.

– Бүгін бір шайба Скленичктің қателігінен соғылды. Мүлдем легионерлерді алып тастау ойнау ойларыңызда жоқ па?

– Бізде қорғаушылар аз. Сондықтан олай істей алмаймызү

– Құрлықтық кубоктан кейін айдынға Руслан Оспанов пен Максим Мусоров шықты. Бүгін Оспанов бірінші голын салды. Жас ойыншы қалай бағалайсыздар?

– Біз оны бұған дейін де шығарамыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ Құрлықтық кубокта жүрген соң, қоса алмадық. Деңгейі өсіп келеді. Прогресс бар.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика