Вернуться к списку статей

«Барысқа» ҚХЛ-дағы жорығын аяқтайтын кез келген тәрізді...

Хоккей
256

Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» деген командамыз бар. Соңғы жылдары жағдайлары мәз емес. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы саяси қызметінен айырылған соң, бюджеті азайған. Енді команданың нәтижесі мүлдем айтуға ұят. Соңғы 11 матчта жеңіс дегеннің не екенін білмей келеді.

Бұл жолы команда Владивостокта «Адмиралмен» кездескен. Қарсыласымен бұрынғы статистикасы жақсы еді. Екі команда осыған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 18-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Осы жолы 19-шы рет жеңіліске ұшырады.

Кездесуге сәл қысқаша тоқтасақ, алғашқы 15-минутта Дмитрий Бучельниковтің арқасында «Адмирал» есеп ашқан.

Екінші кезеңде Даниил Апальков (22 минут) пен Джозеф ЛаБейт (27) ойын тағдырын өзгертіп, «Барысты» алға шығарды. Бірақ одан кейін шамалары жеткен жоқ. Қарсылас қатарынан үш шайба салып, жеңісті жұлып алды.

Бұл – елордалық клубтың қатарынан 11 жеңілісі. Енді екі команда тағы бір мәрте кездеседі.

«Адмирал» (Владивосток, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 4:2 (1:0, 1:2, 1:0)

Шайба:

1:0 – 14:00 Бучельников (Горшков, Берлёв).

1:1 – 21:43 Апальков (Кайыржан, Әсетов).

1:2 – 26:40 ЛаБейт (Камара, Нұрғалиев).

2:2 – 38:30 Фьоре (Горшков, Берлёв).

3:2 – 56:57 Соловьёв (Бучельников, Шевченко).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика