Вернуться к списку статей

«Барыс» Қазанның «Ак Барс» клубынан 40-шы рет жеңілді

Хоккей
193

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсееттін Астананың «Барыс» клубы ала-құла ойынын жалғастырып жатыр. Осы жолы тағы да Қазанның «Ак Барыс» клубынан ұтылды.

Бұған дейін Қазандағы«Татнефть Аренадағы» кездесуде 3:0 есебімен жеңіп жатып, арты фиаскоға айналған. Яғни жерлестеріміз қатарынан бес шайба жіберген.

Бұл жолы мүлдем қауқарсыздық танытты. Қарсылас команда 3:0 есебімен мүмкіндік бермей жеңді.

Бас бапкер айдынға Паскуале (Шутов) – Скленичка-Ножье, ЛаБейт-Мусоров-Оберг; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Гайтамиров-Королёв, Червени-Өмірбеков-Рахманов; Нұрғалиев-Никитин, Оспанов-Гурков-Борисевич сияқты ойыншыларды шығарған. Бірақ бұл тактикасы жемісін берген жоқ.


«Ак Барс» шыны керек, «Барыс» үшін үнемі қолайсыз қарсылас. Плей-оффта да талай рет жолымызды кескен. Осыған дейін екікоманда бұған дейін 50 рет жолықса, соның 39-ында жеңген. Бұл жолы «Ак Барс» 40-шы басым түсті.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Ак Барс» (Казань, Ресей) – 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

Шайбы:
0:1 32:39. Сафонов (Жафяров, Адамчук).
0:2 36:25. Кагарлицкий (Войнов, Сафонов).
0:3 59:03. Свечников (Семёнов, Лучевников).

Қақпашылар:Паскуале Билялов
Айып: 2:6 (0:2, 2:2, 0:2).

Ғалым Мәмбетәлиев, «Барыс» клубының бас бапкері:

Ойын жалпы жаман емес. Шыдамдық таныттық. «Ак Барстың» шеберлігі жоғар. Біздің құрам негізінен жастар. Көбісі, мұндай деңгейге енді шығып жүр. Орталық алаңда қателік жіберіп, 2 гол өткізіп алдық. Кем құраммен ойнауға қорықтық. Бірақ бір ойыншымыз аз кезде қайта төтеп беріп жүрдік. «Сен соқпасаң – саған соғады» қағидасы жүзеге асты. Жігіттер тырысты. Қақпашыны да ауыстырып көрдік. Бірақ болмады.


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика