Вернуться к списку статей

Футзал: Қазақстан құрамасы бүгін Қырғызстанмен ойнайды

Футзал
2K

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы кезеңін бастап кетті. Ел құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака сәуірдегі оқу-жаттығу жиынына тек Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ойыншыларды шақырды.

Ал Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас жарақаттарына байланысты жиынға қатыспайды.

Алдағы оқу-жаттығу жиынында бас бапкер Лео Игита, Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев секілді қақпашылардың дайындығын пысықтап көреді.

Сондай-ақ Арнольд Кнауб, Эдсон, Жаһангир Рашит, Дамир Қайырбай, Асхат Көлбаев, Егор Нулет, Әбдірасул Әбдіманаұлы, Азат Валиуллин, Антон Рындин, Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ринат Төреғазин, Батырхан Кенжеғали, Төрехан Досов, Нұрқанат Бақтияровқа сенім артады.

Оқу-жаттығу жаттығу жиыны аясында футзалдан ел құрамасы Тараз қаласында Қырғызстан және Өзбекстан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ел құрамасы алдымен 4 сәуірде жабық режимде Қырғызстанмен ойнайды. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық футзалшылар биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда болатын дүбірлі додаға жолдама алды.

Қазақстандық футзалшылар биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда болатын дүбірлі додаға жолдама алды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының сәуір айындағы матчтарының кестесі:

4 сәуір

Қазақстан – Қырғызстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз

7 сәуір

Қазақстан – Өзбекстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз

9 сәуір

Қазақстан – Өзбекстан – 19:00

«Тараз Арена», Тараз.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика