Вернуться к списку статей

Астанадағы камбэк. Әлем чемпионатына тікелей жолдама алуға үш ұпай қалды

Футзал
302
Фото: Никита Басов (ҚФФ)

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы да Әзербайжаннан да ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Тіпті, Каспийдің арғы жағынан келген жігіттер екі доп соғып алға шыққан.

Айналдырған 8 минуттың ішінде Амадеу мен Галло Астанадағы жергілікті жанкүйерлерді уайымға салып қойды. Дегенмен, Кака шәкірттері естерін тез жиды. Алдымен, алыстан қақырата тепкен Лео есеп айырмасын қысқартса, үзіліске шығар тұста Біржан Оразов Қазақстанның екінші голының авторы атанды. Бұл жолы да қорғаушы Леоның көмегі зор. Жарақатына байланысты біраз уақыт құрамаға көмектесе алмаған ойыншының пайдасы қаншалықты көп екені байқалады.

Екінші таймның басында Дуглас Жуниор үшінші голды кіргізіп, Қазақстанға жеңіс сыйлады. Бұдан кейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Қазір жерлестеріміз 4 ойыннан кейін 12 ұпаймен көш бастап тұр.

14 желтоқсанда Қазақстан өз алаңында Нидерландымен кездеседі. Егер Қазақстан осы ойында жеңіске жетсе, келесі жылы Өзбекстан астанасында өтетін әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Қазақстан – Әзербайжан - 3:2

Голдар: Амадеу, 4 (0:1). Галло, 8 (0:2). Лео, 13 (1:2). Оразов, 18 (2:2). Дуглас Жуниор. 22 (3:2).

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика