Вернуться к списку статей

«Аят» әзірге қуанта алмай жүр

Футзал
296

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына соңғы жылдары Қазақстаннан екі команда қатысып жүр. Біреуі – тұрақты. Ол – Алматының «Қайраты». 20 жылдан бері еурокубоктан қалыс қалған емес. Екінші команда ретінде алғашында «Ақтөбе», «Атырау» клубтары ойнап көрді. Былтыр мен биыл кезек Рудныйдың «Аятына» келді. Бірақ осылардың ешқайсысы жанкүйерлерін қуанта алмай жүр.

«Аят» негізгі раундта Хорватияның «Олмиссум», Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) және Украинаның «Хит» командаларымен сынға түседі. Бұл топтың ойындары Хорватияның Омише қаласында өтіп жатыр.

«Аят» кеше түнде «Олимиссум» клубымен кездескен. Былай қарасаң, қарсыластың асып-тасып тұрған ештеңесі жоқ. Рудный клубында бразилиялық ойыншылар көп. Алайда кемі бір ұпай еншілеуге олардың да шамасы жеткен жоқ. «Аяттың» капитаны Азат Валиуллиннің де баяғы қарқыны бәсеңдепті.

Бірінші таймның соңында Джереми Буковец хорватиялық клубты алға шығарған. Үзілістен кейін стандартты сәтті ойната білген Қазақстан клубы таразы басын теңестірді. Сосын 47 секундтың ішінде екі доп жіберіп, «Аят» ойыншылары жеңіліс тапты. Матчтың бітуіне 4 минут қалғанда Лукас есеп айырмасын бір допқа қысқартқан. Бірақ одан әріге шамалары жеткен жоқ.

Бүгін енді Василий Смолин шәкірттері Лиссабонның «Спортингімен» кездеседі. Қарсыласы – таныстыруды қажет етпейді. Чемпиондар лигасында екі рет топ жарған. Бірнеше рет жүлдегер болған. Былтырғы маусымда финалға дейін жеткен.

Әр топтан элиталық раундқа кемі үшінші орын алған команда өтеді.

«Олмиссум» (Хорватия) – «Аят» (Қазақстан) – 3:2

Голдар: Буковец, 20 (1:0). Марсело, 25 (1:1). Секулич, 28 (2:1). Секулич, 29 (3:1). Лукас, 37 (3:2).

«Олмиссум» (Омиш): Чизмич (қ), Кустура (к), Буковец, Юрлина, Ванха – Рогза (в), Хрстич, Жилич, А. Юретич, Й. Юретич, Колобарич, Секулич, Стоянович, Шировица
«Аят» (Рудный): Лео (қ), Жеже, Леандерсон, Розенски, Марсело – Өмірзақов (қ), Валиуллин (к), Әбдуманапұлы, Леандро, Козылов, Марахов, Лукас, Рындин
***
СПОРТИНГ (Португалия) – ХИТ (Украина) 2:2 (1:1)
Голдар: Зики, 15 (1:0). Абакшин, 15 (1:1). Матуш, 27 (2:1). Абакшин, 36 (2:2).


Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика