Вернуться к списку статей

Зайнутдиновтің жарақаты құраманың нәтижесіне әсер ете ме?

Футбол
264

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов 2024 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға қатыса алмайды.

Бұл әрине ұлттық құрама үшін соққы болғаны жасырын емес. Ол «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында мұрын сүйегі мен көз ұясының негізін сындырып алған. Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Футболшының емделуіне кемінде 2-3 апта қажет.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев футболшының қатысайтынын растады.

Осыдан кейін Бахтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлер мен ұлттық құрама ойыншыларына үндеу жасады.

«Қолдауларыңыз үшін көп рахмет!» - деп жазды.

Сонымен қатар қазақстандықтарға алғысын жеткізіп, ұлттық құрамаға сәттілік тіледі:

«Баршаңызға жылы лебіздеріңіз үшін шексіз алғысымды айтамын! Жігіттерге ұлттық құраманың маңызды матчтарында тек сәттілік тілеймін! Алға!», - деді футболшы.

Жалғыз Зайнутдинов ғана емес, ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген де екі ойынға қатыса алмайды. Максим Самородов пен Исламбек Қуат Астанадағы Сан-Мариномен кездесуде сары қағаздарының көптігіне байланысты ойнамайды. Есесіне, Словениямен кездесуге қатысады.

«Асхат Тағыберген мен Бактиер Зайнутдиновтің жарақаты ауыр тигені жасырын емес. Екеуі де негізгі құрамның футболшылары. Жағдай оңай емес. Бірақ өз жоспарымызды өзгерткен жоқпыз. Еуропа чемпионатына жолдама алғымыз келеді. Біз дайындықты жалғастыруымыз керек. Мақсат айқындалған. Бапкерлер штабы дұрыс шешім қабылдап, жаттығу мен ойыншыларды алаңға шығаруда қателеспеу керек. Қолда бар футболшылармен соңына дейін таласамыз», - дейді бас бапкер Магомед Адиев.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика