Вернуться к списку статей

Ресейліктерге сенім артқан «Ақтөбе»

Футбол
81

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа маусымға дайындыққа қызу кірісіп кетті. Клубтың бас бапкері мен спорттық директоры тағайындалды.

Бас бапкерлікке бұған дейін Дмитрий Парфеновтің кандидатурасы бекітілген еді. Бүгін спорттық директор ретінде де ресейлік маман Сергей Доронченко шақырылды. Ол осыған дейін «Анжи», «Кубань» сияқты командаларда жұмыс істеген.

Ал Қазақстандағы ең титулы көп футболшы Юрий Логвиненко басқарма төрағасы Азамат Шайқының орынбасары болды.

Футболшылармен де келісімшартқа қол қойыла бастады. Павлодар футболының түлегі Арман Кеңесов «Ақтөбеде» қалады. Негізі «Астана» сапына ауысуы мүмкін екені айтылған. Бірақ Арман карьерасын бұрынғы командасында жалғастыра беруге шешім қабылдады.

«Бұл қалада анам дүниеге келген. Нағашыларым осы жақтан. Кейіннен қызымда осында туды. Жақындарым көп. Шешім қабылдау осы жағы әсер етті. «Ақтөбе» жанкүйерлері көптен бері чемпиондық титул күтіп жүр. Биыл сол армандарын орындағымыз келеді», - дейді Арман Кеңесов.

Сонымен қатар Словенияның «Копер» командасында 3-4 ай доп теуіп келген Рамазан Оразов та «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қосылды. Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий қазір осында жүр.

27 жастағы вице-капитан Әділхан Таңжарықов та келісімшартты ұзартты.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика