Вернуться к списку статей

Бойжеткендеріміз “Даму кубогында” бақ сынайды

Футбол
2K
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы биыл да «УЕФА Даму кубогына» қатысады.

Биыл бойжеткендер арасындағы «УЕФА Даму кубогы» 17-21 сәуір аралығында Црна Горада өтеді. Былтыр Македонияда ұйымдастырылған болатын. Онда Қазақстан қыздары үшінші орынды иеленген-ді.

Подгорицеде өтетін биылғы «Даму кубогына» Црна Гора, Босния және Герцеговина, Әзірбайжан, Қазақстан қыздары қатысады. Ойындар күнтізбесі төмендегідей:

17 сәуір:  Қазақстан-U17 – Црна Гора-U17
19 сәуір:  Қазақстан-U17 – Босния және Герцеговина-U17
21 сәуір:  Қазақстан-U17 – Әзірбайжан-U17

Осы турнирге қатысатын қыздарымыз қазір Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар Алатау бөктерінде 14 сәуірге дейін дайындалады. Ал 15-інде, яғни сенбі күні Подгорицеге ұшады.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Орынбасар Дәуренбекова бастаған бапкерлер құрамы бұл додаға мына аруларымызды шақырыпты:

қақпашылар Аружан Оразбекова, Файза Исмаилова, Ангелина Портнова; 

қорғаушылар Меруерт Болатбек, Әлия Шалмұханбетова, Надежда Исакова, Александра Бурова, Наталья Тарасова;

жартылай қорғаушылар Әсемгүл Аруова, Назерке Шалмұханбетова, Гүлім Қайырнас, Эльвира Нарбек, Жансұлу Хамза, Акнұр Құрманғазина, Ақниет Бекдайырова, Әсел Көбесова, Анастасия Братченко, Екатерина Михайлова;

шабуылшыларЛәйла Садықова, Назым Исмаилова, Бәтия Багулли, Айя Шулакова, Виктория Скуфина.

Бапкерлер құрамы:

Орынбасар Дәуренбекова – аға жаттықтырушы;
Абдулвайт Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі;
Абдула Меркулов – қақпашылар жаттықтырушысы;
Сәуле Қадірбаева – дәрігер;
Анастасия Журавлева – менеджер.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика