«Кубань көктемі» халықаралық турниріне қатысқан Қазақстан-U19 құрамасының қыздары барлық ойында ұтылып, соңғы орынға табан тіреді. «А» тобындағы үш ойында да ұтылған соң 5-8 орындар сарапқа салынатын төрттікте бақ сынаған.
Әуелі «В» тобында үшінші орынға ие болған Румыния бойжеткендерімен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылып қалды. Содан соң 7-орынды Краснодар өлкесі қыздарымен сарапқа салып, тағы да (топтық кезеңдегідей) 0:3 есебімен ұтылды.
Сөйтіп, Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз «Кубань көктемі» халықаралық турнирінде бес ойын өткізіп, бесеуінде де ойсырай ұтыды. Осы бес матчта бір-ақ гол соғып, өз қақпаларына 22 доп жіберіп алды. Орта есеппен әр ойында – 4,4 голдан.
«Кубань көктемі» халықаралық турнирі
Жартылай финалдық кезең:
1-4 орындар
Беларусь-U19 – Словения-U19 – 2:0
Ресей-U19 – Иран-U19 – 3:0
5-8 орындар
Әзірбайжан-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 2:1
Румыния-U19 – Қазақстан-U19 – 4:0
Финалдық ойындар:
7-орын үшін: Краснодар өлкесі-U19 – Қазақстан-U19 – 3:0
5-орын үшін: Румыния-U19 – Әзірбайжан-U19 – 3:2
3-орын үшін: Словения-U19 – Иран-U19 – 3:1
Финал: Ресей-U19 – Беларусь-U19 – 0:0 (пенальтиден – 4:3)