Вернуться к списку статей

“Кубань көктемінде” Иран қыздары өктем түсті

Футбол
1K
Қыздар арасынддағы Қазақстан құрамасы Сочиде... Фото: rfs.ru
Сочиде өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы «Кубань көктемі» халықаралық турнирінде Қазақстан қыздары екінші рет ойсырай ұтылып қалды.

Ресейде өтіп жатқан «Кубань көктемі» халықаралық турнирінің екінші турында Қазақстан қыздары Иран бойжеткендерімен кездесіп, 0:7 есебімен ұтылып қалды. Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз бүгін бір гол да соға алмады.

Естеріңізге сала кетейік, «А» тобының бірінші турында қыздарымыз Словения сұлуларынан 1:5 есебімен ұтылып қалған. Енді 22 наурыз күні доп додасы қожайындары, Краснодар өлкесі аруларымен кездеседі.

«Кубань көктемі» халықаралық турнирі

«А» тобы:

1-тур

Иран-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 3:2

Қазақстан-U19 – Словения-U19 – 1:5

2-тур

Словения-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 0:0

Қазақстан-U19 – Иран-U19 – 0:7

1. Иран – 6 ұпай, 2. Словения – 4, Краснодар өлкесі – 1, Қазақстан – 0.


«В» тобы:

1-тур

Беларусь-U19 – Ресей-U19 – 0:0

Румыния-U19 – Әзірбайжан-U19 – 4:1

2-тур

Беларусь-U19 – Румыния-U19 – 4:0

Ресей-U19 – Әзірбайжан-U19 – 1:0

1. Беларусь – 4, 2. Ресей – 4, Румыния – 3, Әзірбайжан – 0.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика