Вернуться к списку статей

Әйелдер арасындағы ФИФА рейтингісі бүгін ғана есімізге түсті...

Футбол
2K
Қазақстан құрамасының қыздары. Норвегия аруларымен өтетін матч алдында (22.09.2015 ж.). Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты әйелдер арасындағы құрама командамыздың ФИФА рейтингісінде екі саты жоғарылағанына бүгін ғана көңіл бөлді.

ФИФА өткен айдағы ұлттық құрамадар рейтингісін желтоқсанның аяғына қарай жаңғыртқан болатын. 22 желтоқсан күні ерлер арасындығы ұлттық құрамамыздың бір саты төмен ығысып, 2016 жылды 98-орынмен тәмамдағандарын бәріміз жарыса жаздық.

Ал әйелдерді “әдетегідей” ұмытып кетіппіз. Негізі, әйелдер арасындағы ұлттық құрамалар рейтингісі 23 желтоқсанда жаңартылған. Ал біздің отандық федерациямыз бен ақпараттық басылымдарымыз бұған бүгін ғана көңіл аударып жатырмыз...

Иә, Қазақстан әйелдер құрамасы желтоқсан айында екі саты жоғарылап, 64-орынға жайғасты. Ал ФИФА рейтингісінде барлығы – 177 құрама. Біздің қыз-келіншектеріміз бұл рейтингті 2003 жылы 60-орынмен бастаған. Ең жоғарғы жетістігіміз – 58-орын (2009 жыл, наурыз). Ал ең төменгі көрсеткішіміз – 78-орын (2010 жыл, тамыз).

2016 жылы әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы «Еуро-2017» електік додасы аясында төрт ойын өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп (Израиль қыздарынан 1:0 есебімен басым түсіп), қалған үшеуінде ұтылып қалған (Австрия – 1:6, Уэльс – 0:4, Норвегия – 0:10).

ФИФА-ның әйелдер арасындағы ұлттық құрамалар рейтингісі:

1. АҚШ – 2140
2. Германия – 2109
3. Франция – 2041
4. Канада – 2031
5. Англия – 2030
6. Австралия – 1984
7. Жапония – 1982
...10. Корея ХДР – 1952
...13. Қытай – 1892
...18. Корея – 1847
...23. Ресей – 1750
...26. Украина – 1732
...49. Беларусь – 1463
...42. Өзбекстан – 1540
...64. Қазақстан – 1355

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика