Вернуться к списку статей

Әлем чемпионаты - 2019. Қазақстан арулары Уэльс қыздарын қабылдайды

Футбол
1K
Әлем чемпионаты - 2019. Қазақстан арулары Уэльс қыздарын қабылдайды
Осы жексенбі Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасын бастайды. Аруларымыздың алғашқы ойыны «Астана-Аренада» өтеді. Қарсыласымыз – Уэльс.

2019 жылғы әлем чемпионаты Францияның тоғыз қаласында өтеді. Финалдық кезеңге барлығы 24 команда қатысады. Дегенмен, Еуропаға сегіз-ақ орын бөлінген. Ал сегіз жолдамаға 35 құрама таласады. Арасында Айтпай Жамантаев бастаған Қазақстан қыздары да бар. Жеребе тарту барысында аруларымыз Англия, Босния және Герцеговина, Ресей және Уэльс құрамаларымен бірге «А» тобына түскен болатын. Енді міне, бірінші ойынын біздің қыздар 17 қыркүйекте елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өткізбек.

Екі команданың да құрамы жарияланды. Кездесуге қызмет ететін төрешілер алқасы да анық.

ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ

Қақпашылар: Ирина Сандалова («Оқжетпес»), Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ангелина Портнова (Астана);

Қорғаушылар: Екатерина Красюкова («БИІК-Қазығұрт»), Анастасия Власова («СШВСМ-Барыс»), Юлия Мясникова («БИІК-Қазығұрт»), Мария Демидова (СДЮШОР №7), Зулейра Әбішева (№7 БЖСМОР), Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»), Валентина Пенькова («Оқжетпес»), Шохиста Ходжашева («Оқжетпес»), Арайлым Орынбасарова (Астана);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»), Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»), Сәуле Қарыбаева («БИІК-Қазығұрт»), Әйгерім Әлімбозова («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Бабшук («БИІК-Қазығұрт»), Әсел Тұрлыбекова (№7 БЖСМОР), Аида Гайстенова (СШВСМ-Барыс), Юлия Николаенко («БИІК-Қазығұрт»), Карина Жұмабайқызы (№7 БЖСМОР).

Шабуылшылар: Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Ширяева («СШВСМ-Барыс»).

Бас бапкер – Айтпай Жамантаев.

УЭЛЬС ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ

Қақпашылар: Клэр Скиннер («Оксфорд Юнайтед»), Лора О'Салливан («Йовил Таун»), Грейс Томас;

Қорғаушылар: Рианнон Робертс («Донкастер Роверс»), Алиса Гриффитс («Синсоед»);

Жартылай қорғаушылар: Лорен Дайкс («Бристоль сити»), Ханна Майлз («Йовил Таун»), Хейли Лэдд, Софи Ингл (екеуі де – «Ливерпуль»), Джессика Фишлок («Сиэтл Рейн»), Ангарад Джеймс («Эвертон»), Эмма Бейнон («Суонси сити»), Хлоя Ллойд («Йовил Таун»), Джорджия Эванс («Бристоль сити»), Кейли Грин («Йовил Таун»), Рейчел Роув («Рединг»);

Шабуылшылар: Джемма Эванс («Йовил Таун»), Надя Лоуренс («Йовил Таун»), Наташа Хардинг («Ливерпуль»)

Бас бапкер – Джейн Ладлоу.

Төрешілер алқасы:

Бас төреші: Рузанна Петросян (Армения)

Қапталдағы төрешілер: Асмик Гарибян, Лиана Григорян (Армения)

Резервтегі төреші: Кристина Янушкевич (Қазақстан)

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика