Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасы – Қазақстан чемпионы екінші қоржында

Футбол
2K
Чемпиондар лигасы. «Верона» – «БИІК-Қазығұрт». Фото: veronacalciofemminile.com
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Италияның «Веронасын» жолынан тайдырған «БИІК-Қазығұрт» командасының келесі кезеңдегі қарсыласы дүйсенбі күні белгілі болады.

Бұрымды футболшылар арасындағы Чемпиондар лигасының жеребесі дүйсенбі күні тартылып, 1/8 финалында кездесетін командалар жұбы түзіледі. Әзірше Еуропаның 16 үздік командасы екі қоржынға қақ бөлінді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан чемпионы, яғни «БИІК-Қазығұрт» клубы биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Италияның «Веронасымен» кездесіп, екі матчтың қортындысы бойынша 4:2 есебімен басым түскен болатын. Әуелі Шымкентте өткен бірінші ойында 3:1 есебімен тізе бүктіріп, түзде 1:1 есебімен тең түскен-ді.

Бұған бүкіл Еуропа таң қалды. Себебі «Верона» осал команда емес болатын. Чемпиондар лигасының 2007/2008 жылдар маусымында жартылай финалға дейін жеткен. Италияның бес дүркін чемпионы, үш рет өз елінің кубогын жеңіп алған, 1995 жылы құрылған – команда.

Бүгін УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан командаларды рейтингтік көрсеткіштері бойынша екі қоржынға жіктеді. Онда «БИІК-Қазығұрт» екінші қоржынға түсті. Яғни келесі кезеңдегі қарсыласы бірінші себеттегі азулы командалардың бірі болады. Енді осы екі қоржынға көз жүгіртіп шығыңыздар:

І қоржын

"Лион" (FRA, былтырғы жеңімпаз) – 114,410 (рейтінгі)
"Вольфсбург" (GER) – 116,535
"Русенгорд" (SWE) – 85,615
"Пари Сен-Жермен" (FRA) – 74,410
"Фортуна" Йорринг (DEN) – 51,705
"Брондбю" (DEN) – 50,705
"Барселона" (ESP) – 49,695
"Россиянка" (RUS) – 44,365

ІІ қоржын

"Бавария" (GER) – 34,535
"Цюрих" (SUI) – 34,240
"Брешия" (ITA) – 27,705
"Славия" (CZE) – 25,550
"Эскильстуна Юнайтед" (SWE) – 21,615
"Твенте" (NED) – 21,600
"БИІК-Қазығұрт" (KAZ) – 17,270
"Манчестер Сити" (ENG) – 16,830

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика