Вернуться к списку статей

Көш басында Шымкент, ал екінші орынға қос астана таласады

Футбол
1K
Кеше Астана және Алматы қалаларында әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің 18-тур ойындары өтіп, екі кездесуде де алаң иелері жеңіске жетті. Енді соңғы турда еліміздің қос командасы күміс жүлдені өзара сарапқа салатын болады. Ал бас жүлдені Шымкенттің қыздары иемденді.

Бірінші кезең аясында Ақтөбенің қыздарын оп-оңай ұтып, екі кездесуде де қарсылас қақпасына оннан астам гол соққан «Астана» аруларына бұл жолғы текетірес оңайға түскен жоқ. Бірінші таймда Юлия Николаенко соққан голдың арқасында есеп ашқан. Үзілістен кейін тағы үш гол соқты. Бірақ төрт гол «Астана» сынды команда үшін тым аз.

– Ақтөбелік қыздар біздің ойынымызды түсініп алды. Бұрын олар бізбен ашық ойнайтын. Соның арқасында голдарды да топырлатып соғатынбыз. Бұл жолы қорғаныстарына «автобус орнатып», тайлы-тұяғымен қақпасының алдына жантайып жатып алды. Енді бізді алда екі ойын күтіп тұр. Алматының аруларына қарсы ойнаймыз. Қалайда ел біріншілігінде 2-орын алуымыз қажет, - деді «Астана» – №2 ОМБЖСМ» арасындағы кездесуден кейін елордалықтардың бас бапкері Виктор Сеник.

Қазақстан біріншілігі

18-тур (28 қыркүйек)

АСТАНА – №2 ОМБЖСМ (Ақтөбе) 4:0 (1:0)

Голдар: Юлия Николаенко, 16. Ирина Чукисова, 46. Әйгерім Әлімқұлова, 59. Ирина Чукисова, 79.

Ескертулер: Мария Ялова 44, Айдана Жәутікова 45, Сәуле Сайдулла 82,

«Астана»: Маргарита Широкова (Маргарита Панова 46), Айнұр Жахина, Марина Пушкарева, Евгения Хацкевич, Сюзанна Корнецова (Алина Свергун 75), Карина Жұмабайқызы (Аида Гайстенова 71), Анастасия Берендеева (Ұлпан Пазыл 71), Юлия Николаенко, Әйгерім Әлімқұлова (Виолетта Мицул, 63), Анна Костина (Тоғжан Бекпенбет 60), Ирина Чукисова.

Резерв: Ирина Саратовцева

№2 ОМБЖСМ: Аяжан Тоқтарбай, Алевтина Закаряева, Құндыз Қожахмет, Лаура Оразметова, Әйгерім Амангелді, Фатима Сатығалиева (Дильназ Аманжол 61),  Айдана Жәутікова, Рано Ақбаева Әсел Көбесова 81), Әсем Жақсымбай, Ақнұр Құрманғазина (Анастасия Титанова 84), Айсәуле Сайдулла

Резерв: Гаухар Қартанбай, Інжумаржан Серғали, Наргиз Алданазарова

Төрешілер: Алексей Булучевский, Дамир Сырымов, Ербол Байназаров (бәрі де – Астана)

Астана қаласы, «Тарлан Арена» стадионы. 100 көрермен.

СШВСМ-БАРЫС (Алматы) – БИІК-№ 7 МБЖСМОР (Шымкент) 1:0 (1:0)

Гол: Қырғызбаева, 36.

Ескерту: Гребенюк, 65.

СШВСМ-Барыс: Гребенюк, Цеван, Комарова, Козиева, А. Власова, Мамедова, Сәдуақасова (Әубәкір 88), Перме (Оразова 87), Өміртаева, Қырғызбаева (к), Әлімбозова (Л. Власова 88).

Резерв: Әйтекова, Әйтімова

БИІК- №7 МБЖСМОР: Боброва (к), Әбдірахманова (Садықова 46), Корниенко, Әбішева, Айтбекова (Ходжалиева 46), Попкова, Тұрлыбекова, Айзамутдинова, Ларина, Аверина (Головацкая 77), Спаданенко.

Резерв: Исмаилова, Әмірбек

Төрешілер: Хасанова, Карпов, Абдуаисов (бәрі де – Алматы)

Алматы. ҚазЭУ стадионы. 100 көрермен

Ел біріншілігінің турнир кестесі

Орын

Команда

Ойын

Жеңіс

Тең ойын

Ұтылыс

Доптар

Ұпай

1

БИІК-Қазығұрт

14

11

3

0

97-4

36

2

Астана

14

9

3

2

67-9

30

3

СШВСМ-Барыс

14

9

0

5

40-21

27

4

№7 БИІК-МБЖСМОР

14

2

1

11

7–56

7

5

№2 ОБЖСМ

16

1

1

14

3–124

4


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика