Вернуться к списку статей

Астана УЕФА Еурокубогының екі финалына өтінім берді

Футбол
2K
«15 ұлттық қауымдастық (федерация) 2019 жылғы Еурокубок додаларының финалдық ойындарын өздерінде өткізуге қызығушылық танытып, ниет білдірді», – деп жазады УЕФА-ның ресми сайты.

УЕФА туы астындағы 2019 жылғы Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының, Суперкубоктың және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойындарын өздерінде өткізуге әзірше 15 федерация ние білдіріпті.

Жалпы, ниет білдіру рәсімі 2016 жылдың 9 желтоқсан күні басталып, 27 қаңтарға дейін ниет білдіру мерзімі болған. Соңғы өтінім беру мерзімі – 2017 жылдың 6 маусымына дейін. Ал нақты шешімді, яғни төрт финалдың қай қалаларда өтетіндігін УЕФА Атқару комитеті 2017 жылдың қыркүйек айында шығарып-бекітеді.

Айтпағымыз, осы ниет білдірушілер арасында Астана қаласы да бар екен. Қазақстан астанасы УЕФА суперкубогы мен әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойындарын «Астана-Арена» стадионында ниет білдіріп отырған көрінеді.

Төменде УЕФА Еурокубоктарының финалдық ойындарын өздерінде өткізуге ниет білдірген елдер мен қалалар тізімін ұсынып отырмыз. Бірақ, УЕФА-ның ресми сайты атап өткендей, бұл – тек ниет білдіріп, қызығушылық таныту ғана. Яғни әлді заңды күші жоқ.

Себебі, әрбір финалға бір қауымдастықтан (ұлттық федерациябан) бір ғана өтінім берілуі керек. Ал төменде Германия мен Польша бір финалға екі өтінім берген. Бұл дұрыс емес.


    

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика