Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасының бірінші турында доп «жауды»

Футбол
1K
Лионеь Месси мен Криштиану Роналду екі голдан соқты. Фото: uefa.com
Сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Чемпиондар лигасының қалған төрт тобында бірінші турдың ойындары өтті.

Бұл жолы да гол соғу «шеруі» жалғасып, доп қарша борады. Сегіз ойында 26 гол соғылды. Сонда, әр ойында орта есеппен – 3,25 доптан. Ал екі күнгі соғылған голдарды қоссақ – 54. Орта есеппен бірінші турда 3,38 гол соғылыпты. Әрбір 26 минут сайын бір доп соғылып, көрермендерді қызыққа бөлеген. Әр таймда 27 голдан соғылғандығын да айт кеткен жөн болар.

Соңғы жылдары «Астанамен» жолы түйісіп жүрген АПОЭЛ жарады. «Селтикпен» салыстырғанда, жағдайы көш ілгері деуге болады. Азуы алты қарыс «Реалдан» 0:3 есебімен «ғана» ұтылды. Оның өзінде Криштиану Роналду бір допты пенальтиден соқты. Қалай десек те, 0:5 емес, әйтеуір...

«Марибор», «Лейпциг» сынды клубтардың жанкештіліктерін де атап өткен дұрыс сияқты. Украинаның «Шахтері» намысты қолдан бермейтін «Наполи» жігітерін жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. Түріктің «Бешикташы» түзде Португалия клубын тізе бүктіріп, көпшілікті тәнті етті.

Чемпиондар лигасы. 1 тур.

«E» тобы

«Ливерпуль» (Англия) – «Севилья» (Испания) – 2:2

Голдар: Фирмино, 21. Салах, 37 – Бен-Йеддер, 5. Корреа, 72.

«Марибор» (Словения) – «Спартак» (Ресей) – 1:1

Голдар: Бохар, 85 – Самедов, 59.


«F» тобы

«Шахтер» (Украина) – «Наполи» (Италия) – 2:1

Голдар: Тайсон, 15. Феррейра, 58 – Милик, 72-пенальтиден.

«Фейеноорд» (Голландия) – «Манчестер Сити» (Англия) – 0:4

Голдар: Стоунз, 2. Агуэро, 10. Габриэл Жезус, 25. Стоунз, 63.


«G» тобы

«Лейпциг» (Германия) – «Монако» (Франция) – 1:1

Голдар: Форсберг, 33 – Тилеманс, 34.

«Порту» (Португалия) – «Бешикташ» (Түркия) – 1:3

Голдар: Д.Тошич, 21-автогол – Талиска, 13. Дженк Тосун, 28. Бабел, 86.


«H» тобы

«Тоттенхэм» (Англия) – «Боруссия» (Д, Германия) – 3:1

Голдар: Сон Хын Мин, 4. Кейн, 15. Кейн, 60 – Ярмоленко, 11.

«Реал» (Мадрид, Испания) – АПОЭЛ (Кипр) – 3:0

Голдар: Криштиану Рональду, 12. Криштиану Рональду, 51-пенальтиден. Серхио Рамос, 61.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика