Вернуться к списку статей

Құйын ба, дауыл ма, мына «Легия»?

Футбол
2K
«Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы, яғни «Легия» екінші електік кезеңде Финляндия чемпионын тас-талқан қылды – 9:0.

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында «Астана» Польшаның «Легиясымен» кездесетін болды. Екінші електік кезеңде Қазақстан чемпионы Юрмаланың «Спартагынан» әупіріммен өтсе (1:0 және 1:1), варшавалықтар Финляндияның «Мариехамн» клубын күйрете жеңді.

Польша чемпионы «Мариехамн» футболшыларын түзде 3:0 есебімен жеңсе, кеше түнде өз алаңында 6:0 есебімен тас-талқан қылды. Сонда, жалпы есеп – 9:0. «Легия» бұл ойында қарсыласының қақпасына 20 соққы бағыттаған. Қақпаға бағытталған тура соққыларының саны – жетеу.    

Осы ретте естеріңізге сала кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының 2015/2016 жылдар маусымында (үшінші кезеңде) Финляндия чемпионымен, біраө басқа командасымен, атап айтқанда, ХИК клубымен кездескен болатын. Сырт алаңда тең түсіп (0:0), «Астана-Арена» стадионында 4:3 есебімен жеңіске жеткен...

Ал «Легия» биыл Финляндияның соңғы чемпионын бұйым құрлы көрмеді. Алайда, «Астана» Польшаның 12 дүркін чемпионына дес бере қоймас деп үміттенеміз. Екі ойынның қорытындысы бойынша айласын асырады деп сенеміз. Қалай десек те, «Легиямен» болатын ойындар өте шиеленісті және тым тартысты өтетін сияқты...

Енді, кеше түнде аяқталған ойындардың нәтижелеріне көз жүгіртіңіздер:

«Легия» (Польша) – «Мариехамн» (Финляндия) – 6:0 (бірінші ойын – 3:0)

«Дюделанж» (Люксембург) – АПОЕЛ (Кипр) – 0:1 (бірінші ойын – 0:1)

«Русенборг» (Норвегия) – «Дандолк» (Ирландия) – 2:1 /қос.уақ/ (бірінші ойын – 1:1)

«Копенгаген» (Дания) – «Жилина» (Словакия) – 1:2 (бірінші ойын – 3:1)

«Кукеси» (Албания) – «Шериф» (Молдова) – 2:1 (бірінші ойын – 0:1)

«Лудогорец» (Болгария) – «Жальгирис» (Литва) – 4:1 (бірінші ойын – 1:2)

«Марибор» (Словения) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина) – 1:1 (бірінші ойын – 2:1)

«Зальцбург» (Австрия) – «Хибернианс» (Мальта) – 3:0 (бірінші ойын – 3:0)

«Селтик» (Шотландия) – «Линфилд» (Солтүстік Ирландия) – 4:0 (бірінші ойын – 2:0)

«Гонвед» (Венгрия) – «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – 2:3 (бірінші ойын – 1:2)

Сонымен, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында кездесетін командалар жұбы:

Лига өкілдері (азулы клубтар) жолы:

"Стяуа" (ROU) – "Виктория" (CZE)
"Ницца" (FRA) – "Аякс" (NED)
"Динамо" Киев (UKR) – "Янг Бойз" (SUI)
АЕК (GRE) – ЦСКА Москва (RUS)
"Брюгге" (BEL) – "Истанбул Башакшехир" (TUR)

Чемпиондар жолы:

"Астана" (KAZ) – "Легия" (POL)
"Славия" Прага (CZE) – БАТЭ (BLR)
"Марибор" (SVN) – "Хабнарфьордюр" (ISL)
"Копенгаген" (DEN) – "Вардар" (MKD)
"Селтик" (SCO) – "Русенборг" (NOR)
"Хапоэль" Беэр-Шева (ISR) - "Лудогорец" (BUL)
"Вииторул" (ROU) – АПОЕЛ (CYP)
"Зальцбург" (AUT) – "Риека" (CRO)
"Карабах" (AZE) – "Шериф" (MDA)
"Партизан" (SRB) – "Олимпиакос" (GRE)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика