Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасы – Үшінші кезеңге «Астанамен» бірге шыққандар

Футбол
1K
«Астана» – «Спартак» (Юрмала, Латвия) – 1:1. Фото: fca.kz
Кеше жеті команда Чемпиондар лигасының үшінші сатысына шықты. Бүгін түнде тағы 10 клуб соларға қосылады.

Еліміздің чемпионы «Астана» өз алаңында Юрмаланың «Спартагымен» тең түсіп, түздегі жеңісінің арқасында келесі кезеңге шықты. Беларусьтің БАТЭ клубы да сырт алаңда жеңіске жетіп, үшінші електік сатыда бақ сынау құқығына ие болды. Ал Әзірбайжанның «Карабах» клубы көсіле шапты. Түзде де, үйде де жеңді. Өз алаңында 5:0 есебімен үстем түсті.

Жалпы, екінші електік кезеңде көпшілікті таң қалдырған тосын нәтиже де тіркелді. 2014/2015 және 2015/2016 жылдар маусымында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Мальмё» Македонияның «Вардар» клубына жол беріп қойды.

Сонымен кешегі ойындардың нәтижесі:

«Астана» (Қазақстан) – «Спартак» (Юрмала, Латвия) – 1:1 (бірінші ойын – 1:0)

«Алашкерт» (Армания) – БАТЭ (Беларусь) – 1:3 (бірінші ойын – 1:1)

«Самтредия» (Грузия) – «Карабах» (Әзірбайжан) – 0:1 (бірінші ойын – 0:5)

«Будучность» (Црна Гора) – «Партизан» (Сербия) – 0:0 (бірінші ойын – 0:2)

«ТНС» (Уэльс) – «Риека» (Хорватия) – 1:5 (бірінші ойын – 0:2)

«Вардар» (Македония) – «Мальмё» (Швеция) – 3:1 (бірінші ойын – 1:1)

«Викингур» (Фарер аралдары) – «Хабнарфьордюр» (Исландия) – 0:2 (бірінші ойын – 1:1)

Бүгін өтетін ойындар:

«Дюделанж» (Люксембург) – АПОЕЛ (Кипр) – ? (бірінші ойын – 0:1)

«Русенборг» (Норвегия) – «Дандолк» (Ирландия) – ? (бірінші ойын – 1:1)

«Копенгаген» (Дания) – «Жилина» (Словакия) – ? (бірінші ойын – 3:1)

«Кукеси» (Албания) – «Шериф» (Молдова) – ? (бірінші ойын – 0:1)

«Лудогорец» (Болгария) – «Жальгирис» (Литва) – ? (бірінші ойын – 1:2)

«Марибор» (Словения) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина) – ? (бірінші ойын – 2:1)

«Зальцбург» (Австрия) – «Хибернианс» (Мальта) – ? (бірінші ойын – 3:0)

«Легия» (Польша) – «Мариехамн» (Финляндия) – ? (бірінші ойын – 3:0)

«Селтик» (Шотландия) – «Линфилд» (Солтүстік Ирландия) – ? (бірінші ойын – 2:0)

«Гонвед» (Венгрия) – «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – ? (бірінші ойын – 1:2)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика