«Сәрсенбі күні, яғни 27 шілдеде сағат 18.00-ден 23.00-ке дейін УЕФА чемпиондар лигасының үшінші електік сатысы аясында «Астана» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасымен кездеседі. Матч кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей – Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Қала тұрғындарына Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береміз» деп, хабарлайды қала сайты.
Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді.