Кешкі сағат 18.00-ден матч аяқталғанша Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Әуежай ауданына баратын астаналықтар мен жақын маңдағы кенттердің тұрғындарынан айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сондай-ақ, Орынбор арқылы жүруге кеңес береміз.
Әдеттегідей, жанкүйерлер үшін арнайы тасымалдау бағыттары ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астана циркі, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді. Жол жүру билетінің құны – 90 теңге.
– Матчты көруге адамдар көп, шамамен 25-30 мыңға жуық көрермен келеді деп ойлаймыз. Осыған байланысты қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдайтын боламыз. Екі мыңнан астам полиция және ішкі әскер қызметкерлері тартылады, – деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.
Сонымен қатар, сағат 20.30-да «Астана Арена» стадионы арқылы жүретін № 10, 12, 27, 40, 43, 53, 51 маршруттар жиілейді. Жапы алғанда, 100-ге жуық автобус жүреді.