Сочиде (Ресей) өтіп жатқан, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде «Ертіс-2001» командасы екінші ойынын өткізді. Бұл жолы Армения-U16 құрамасымен кездесті. Қап тауынан келген жас футболшылар бірінші турда Тәжікстан-U15 құрамасын 3:1 есебімен жеңген-ді.
Ал «Ертістің» ізбасарлары бірінші турда Краснодар өлкесі құрамасын 3:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Екінші күнгі матчта Қазақстан бозбалалары Армения-U16 құрамасынан да басым түсті. Есеп – 2:1. Голдарды Темірлан Сматаев пен Артем Карапетян соқты.
Сөйтіп, «Ертістің» ержеткендері екі ойында да жеңіске жетіп, алты ұпаймен көш бастады. Ертең Тәжікстанның жас таланттарымен кездеседі. Қазақ елінің намысын қорғап жатқан «Ертіс-2001» командасы финалда ойнайды деп үміттенеміз...
Бірақ Тәжікстан-U15 құрамасы да осал емес сияқты. Екінші турда олар Краснодар өлкесі құрамасын 5:0 есебімен күйрете жеңіпті. Ертеңгі ойын қызықты болатын сияқты. Ең бастысы, бұл ойын Армения және Краснодар өлкесі бозбалалары арасындағы матчтан кейін өтеді...
Халықаралық турнир. Сочи-2017. Ойындар нәтижесі
1-тур
«Ертіс-2001» – Краснодар өлкесі-U16 – 3:1
Армения-U16 – Тәжікстан-U15 – 3:1
2-тур
«Ертіс-2001» – Армения-U16 – 2:1
Тәжікстан-U15 – Краснодар өлкесі-U16 – 5:0