Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Еуропа лигасында ширек финалға шыққандар белгілі болды

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Еуропа лигасында ширек финалға жолдама алғандар белгілі болды
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Еуропа лигасы «Болжам-бәйге» бәсекесінің 1/8-финалын қорытындылаймыз. «Кәртамыс құрлықтың» сегіз қаласындағы кешегі ойындардан кейін ширек финалға жолдама алған үздік сегіздік анықталды. Матчтың тура есебін дәл тапқан бір ғана «болжамшымыз» бар. Амстердамда өткен «Аякс» – «Копенгаген» кездесуінде 2:0 есебімен тіркеледі деген Есей Жеңісұлы еншісіне үш ұпай жазып, ширек финалға еш қиындықсыз жолдама алды.

Сонымен қос матчтың қорытындысы бойынша ширек финалға мына «болжамшылар» өтті:

Амангелді Сейітхан – Шалқар Естен 0:0

(Екі "болжамшының" да барлық көрсеткіші бірдей болғандықтан топтық кезеңнің тотал ережесіне жүгінуге тура келіп, 15 ұпай жинап, қарсыласынан 7 ұпайға озып кеткен Амангелді Сейітхан жолдама алды)

Ақырыс Сейітқазы – Арсен Ғұбашев 1:1

(бірінші матчта гол авторларының бірі Генрих Мхитарянды дәл көрсеткені үшін келесі кезеңге Ақырыс Сейітқазы өтті)

Аида Батухан – Есей Жеңісұлы 2:5

Аршат Ораз – Айдар Күмісбеков 0:1

Тимур Сүлейменов – Жандос Айтбай 3:3

(екінші матчта «Шалькенің» жеңісіне бәс тігіп, ширек финалға өтетінін дәл тапқаны үшін келесі кезеңге Жандос Айтбай өтті)

Уәлихан Қосанбай – Томирис Сүгірбаева 3:2

Сәкен Сыбанбай – Роза Әрен 1:2

Рауан Оқас – Қанат Базылхан 0:0

(екінші матчтағы бірінші таймның нәтижесі бойынша келесі кезеңне Қанат Базылхан өтті)




«Болжам-бәйге» плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика