Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Еркін Шәкір мен Дидар Сыдықбек ширек финалда

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Еркін Шәкір мен Дидар Сыдықбек ширек финалда
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасы 1/8-финалының тағы екі жауапты кездесуі өтті. Клубтар арасында ширек финалға «Лестер» мен «Ювентус» жолдама алса, «букмекерлер» арасында Еркін Шәкір мен Дидар Сыдықбектің бағы жанды.

ЛЕСТЕР – СЕВИЛЬЯ

(Еркін Шәкір – Руслан Меделбек)

Испанияда 2:1 есебімен жеңіске «Севилья» жеткен. Сол кезде матчтың қорытындысын дәл тапқан Еркін Шәкір үш ұпай еншілеген. Руслан Меделбек те испаниялықтардың жеңісіне сенді. Бірақ «Лестерге» сенбегені үшін бір ғана ұпайды қанағат қылды. «Кинг Пауэр» стадионында өткен ойында да Руслан Меделбек «Севилья» серкелеріне сенген еді. Ал Еркін Шәкір керісінше, ағылшындар 3:1 есебімен жеңіске жетеді деп бәс тікті. Нәтижесінде «Атамекен» журналисі гол айырмашылығын дәл тауып, еншісіне тағы екі ұпай жазса, Руслан Меделбек бірінші кездесуде еншілеген бір ұпайды қанағат қылуға мәжбүр болды. Қорытынды есеп – 5:1, Еркін Шәкір ширек финалда.

ЮВЕНТУС – ПОРТУ

(Әміржан Мұқанов – Дидар Сыдықбек)

Португалиядағы ойыннан екеуі де ұпайсыз қалған еді. Ал 2:0 есебімен аяқталған Туриндегі кездесуден Дидар Сыдықбек екі ұпай еншіледі. Ол гол айырмашылығын дәл тапқан еді. Ал 2:1 есебі тіркеледі деп ойлаған Әміржан Мұқанов бір ұпайды қанағат қылды. Ширек финалда Дидар Сыдықбек.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика