Вернуться к списку статей

Бесінші тур – Бәрекелді, максимум Оңғар Қабденнен!

Футбол
1K
«Базель» – «Манчестер Юнайтед» матчының фотосы uefa.com сайтынан алынды
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бесінші турындағы «Болжам-бәйгемізде» Оңғар Қабдеш максималды көрсеткішке қол жеткізді.

Оңғар Қабден бесінші турда Чемпиондар лигасының «A» тобына болжам беріп, түгелдей шешті. «Базель» – «Манчестер Юнайтед» матчының есебін дәл тауып қана қоймай, бірінші таймдағы нәтижесін де айна-қатесіз атады (1:0 және 0:0). Сондай-ақ, ЦСКА мен «Бенфика» арасындағы ойынның да есебі мен бірінші таймдағы нәтижесін тура тапты (2:0 және 1:0). Сонда: 3 + 0,25 + 3 + 0,25  = 6,5!

Бұл турда екінші орынға Рауана Тамшы ие болды. Ол «Бешикташ» – «Порту» кездесуінің 1:1 есебімен аяқталатындығын дәл тауып, үш ұпай еншіледі. Үшінші орында – оқушы Дәулет Маратов. Ол «Боруссия» мен «Тоттенхэм» арасындағы матчта қонақтардың бір доп айырмасымен жеңіске жететіндігін топшылады (болжам – 0:1, ал матч – 1:2). Сонымен қатар, АПОЭЛ клубын түзде «Реалдың» жеңіп кететтіндігінене де сенген болатын (болжам – 1:3, ал матч – 0:6). Сөйтіп, 2 + 1 = 3 ұпай еншіледі.   

Енді бес турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртулеріңізге болады:


Ескерту: Ұпайлары бірдей болжамшыларымыз қосымша көрсеткіштері (қызыл қағаз, пенальти және Total қағидасы) бойынша жіктелді.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне арнайы ұйымдастырып отырған «Болжам-бәйгеміздің» ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика