Әр ойын өте маңызды. Өйткені, бұдан кейін командалар ұпай жоғалтпауға тырысып, әр ұпай үшін бар күштерін салады.
Сонымен, жеребе тарту қорытындысы бойынша, «Е» тобының ойындарына жеке кәсіпкер Асқар Махамбетқұлов, «F» тобының матчтарына «Қайсар» футбол клубының жанкүйері Нұрлан Ахметов, «G» тобының кезждесулеріне осы квартеттегі жалғыз журналист Өмірбек Сансызбаев және «Н» тобына футбол жаттықтырушысы Мәди Сапарбек өз пайымдарын білдірді.
Кімнің неше ұпай жинайтынын бүгінгі футбол түнінен кейін білетін боламыз.
«Болжам-бәйге» жобамыздың ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.