Бұл турда Қуаныш Тыныбек қана бір ойынның нәтижесін дәл тапты. Атап айтқанда, «Ювентус» – «Олимпиакос» матчының есебін дәл тапты – 2:0. Әрі бірінші таймда гол соғылмайтындығын да шешті.
Бұл турда екінші орынға 11 сынып оқушысы Мадияр Битөреев ие болды. Ол «Реал» және «Тоттенхэмнің» жеңіске жететіндігін болжап шықты. Әрі АПОЭЛ – «Тоттенхэм» матчының бірінші таймы 0:1 есебімен аяқталатындығын да дәл тапты.
Екінші турда үшінші орынға әріптесіміз Еркін Шәкір орналасты. Ол Чемпиондар лигасының «F» тобында «Манчестер Сити» мен «Наполидің» «Шахтер» және «Фейеноорд» клубтарын жеңетіндігіне сенімді болды. Еркіннің еншісінде – 2 ұпай.
Енді екі турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртулеріңізге болады:
Ескерту: Ұпайлары бірдей болжамшыларымыз қосымша көрсеткіштері (қызыл қағаз, пенальти және Total қағидасы) бойынша жіктелді.
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне арнайы ұйымдастырып отырған «Болжам-бәйгеміздің» ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.