Бірінші орында – фантастикалық нәтижемен Амангелді Сейітхан. Ол екі ойынның да нәтижесін дәл тапты («Вильяреал» – «Астана» – 3:1 және «Славия» – «Маккаби» – 1:0). Сондай-ақ Испанияда өткен ойынның бірінші таймы қалай аяқталатынын да нақты атап берді (қосымша 0,25 ұпай).
Екінші орында – Назерке Сұлтанбек. Бір ойынның нәтижесін дәл тапты («Бавария» – «Андерлехт» – 3:0). Сонымен қатар, ПСЖ клубының түзде «Селтикті» ұтатынын шешіп, тағы бір ұпай олжалады.
Үздік үштігімізге Мөлдір Дарханбаева да ілікті. Ол «Лейпциг» және «Монако» клубтарының 1:1 есебімен тең түсетіндігін дәл тапты.
Ерік Кенжебек қай командалардың жеңіске жететіндігін тапқанымен, нақты есепті дөп басып атай алмады. Бір ойында бір ғана доп жетпеді...
Тұрарбек Шәріпов «Челсидің» жеңіске жететіндігімен қоса, екі ойындағы бірінші таймның есептерін тура тапты. Сәбит Рысбаев та «Манчестер Юнайтед» клубының басым түсетіндігін және бірінші таймның есебін шешті.