Вернуться к списку статей

«Астана» «Ордабасыны» аса қиналмай жеңеді – Талғат Садықов

Футбол
1K
Танымал спорт шолушысы – Талғат Садықов
Қазақстан премьер-лигасындағы ХХІІ турдың кейінге шегерілген бір ойынына елімізге танымал спорт шолушысы Талғат Садықов болжам жасайды.

Талғат ХХІІ турдың бес ойынына өткен жолы болжам жасаған. Оның қорытындысын бүгінгімен қосып, ХХІІІ турдың қарсаңында жариялаймыз. Жалпы, бүгінгі ойынмен екінші айналым толықтай тәмамдалады.

«Астана» – «Ордабасы» – 3:1

Ел чемпионаты ойндарына болжам жасағанда жерге қаратпайтын жалғыз клуб – «Астана». Өз кезегінде бұл ел чемпионының қарымдылығына дәлел бола алады. Станимир Стойловтың ертеңгі матчта белді ойыншыларының бірнешеуін тынықтырып алуға тырысып, бірінші таймда қосалқы құрамдағы футболшыларын көруіміз де мүмкін. Олар болса, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін дәлелдеуге тырысады. Егер ойындары көңілдегідей болмаса немесе үзіліске дейін қонақтар алға шықса, онда чемпионат көшбасшысының өзгеріс енгізе алатын жағдайы да, мүмкіндігі де бар. Сондықтан мен бұл ойында «Астана» айқын басымдықпен кезекті жеңісіне қол жеткізеді деп ойлаймын.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика