ХХ турдың екі ойыны мерзімінен бұрын, яғни мамыр айының соңғы күні өтіп, Еурокубоктарға қатысатын төрт командамыз өзара додаға түскен. Нағи әріптесіміздің сол екі ойынға берген болжамын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.
«Шахтер» – «Оқжетпес» – 2:1
«Шахтер» өз алаңында негізгі қарсыластарының бірімен ойнайды. Бұл ойынды 6 да емес, 9 ұпай үшін өтетін матч деуге болады. «Оқжетпеске» де шегінуге жер жоқ. Осы турдағы қызықты ойын болады деп есептеймін. 2:1 есебімен кеншілер жеңуі керек.
«Қайсар» – «Атырау» – 1:0
«Қайсар» жазғы трансфер соңында шабуыл шебін күшейтті. «Астанаға» қарсы негізгі құрамдағы ойыншыларының біразын шығармады. Ескертулері (сары қағаздары) көп болған соң. «Атыраудың» жаңа бапкері команда тізгінін қолына алған бетте, яғни көктемде, эмоциямен біраз ойынды алып шыққан (жеңіске жете білген). Қазір аптықтары басылып, қарқындары бәсеңсіп қалды. Бір доп айырмасымен «Қайсар» жеңеді деп ойлаймын.
«Тараз» – «Ақтөбе» – 1:1
«Ақтөбе» құрамын толықтай ауыстырды деуге болады. «Тараз» болса, көп ойыншы ала алмады. Талгаев пен Муханов арасындағы “шайқас” тең аяқталады деп ойлаймын.
«Тобыл» – «Ақжайық» – 3:0
«Тобыл» жаңа бапкері Евдокимовпен өрнекті ойын үлгісін көрсетеді деп ойлаймын. Негізгі қарсыласы «Ертісті» жеңген соң қола үшін таласу мүмкіндігі арта түскендей болды. Әрі құрамын жақсы ойыншылармен толықтырды. Сондықтан «Ақжайықты» ұтады. Ал Орал клубы – премьер-лигамен қош айтысуы мүмкін командалардың бірі.
Сегіздік сіресіп тұр...
Өткен ХІХ турдың ойындарына «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қасқырбай Қойшыманов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.
Қасқырбай Қойшымановтың ХІХ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты.
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.
*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.
**** – VІІІ турдың бір ойыны кейінге шегерілген.