Біздің болжамшыларымыздың бәрі де «Қайраттың» Еуропа лигасының келесі кезеңіне шығатындығына шүбә келтірмейді. Тіпті түзде де жеңіске жететініне сенетіндер көп.
«Ертістің» де екінші електік кезеңге өтетіндігіне сенетіндер баршылық. Павлодар клубы ел чемпионатының түздегі кездесулерінде тәп-тәуір ойнайтындығын іс жүзінде көрсете білген. Енді Еуропа лигасында да “үйде” ғана “ батыр” емес екендігін дәлелдейді деп үміттенеміз.
Бір қызығы, біздің болжамшыларымыздың арасында «Ордабасының» «Широки Бриег» клубын ойсырата жеңетініне сенетіндер – некен-саяқ. Жеңсе де, бір допы айырмасымен ғана тізе бүктіріп, “Еуропа лигасынан тыс қалады” деп күмән келтіретіндері сезіледі.