Жалпы ереже
Бұл бәйгемізге спорт журналистері қатысады. Олар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының електік сатысындағы ойындарға болжам жасайды. Қысқаша айтқанда, топтық кезеңге дейінгі Қазақстан клубтарының кездесулері қалай, қандай есеппен аяқталады деп ойлайтын жорамалдарын беріп отырады. Әр кезеңдегі ойындар сайын қорытындысын шығарып, ұпайларын санап отырамыз.
Бақ сынаушыларымыз Еурокубок додаларының әр сатысындағы Қазақстан клубтарының үйдегі және түздегі ойындарына болжам жасап отырады. Яғни бұл бәйгеміздің қаншаға созылатыны төрт клубымыздың екі лигадағы жетістіктері мен ойындарына байланысты болады. Ал біз, кем дегенде екі клубымыз топтық кезеңге дейінгі соңғы елек сатысына жетеді деп үміттенеміз.
Ұпай есептеу ережесі
- Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
- Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/;
- Екі команданың тең түсетіндігін тапқан адамға – 1,5 (бір жарым) ұпай /мысалы, 1:1 есебімен аяқталған ойынды 2:2 немесе басқа да есептермен тең аяқталады деп болжау/;
- Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе жеңілетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 4:1 деп нобайлау/
Қатысушылар
Нағи Бақытбеков – «KazFootball.kz» республикалық ақпараттық футбол порталының директоры;
Ардақ Тоғымов – спорт қайраткері және журналисі;
Михаил Васильев – Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының вице-президенті;
Мадина Асылбек – республикалық «Қазақ спорты» газетінің шолушысы;
Әлібек Байшүленов – Қызылорда облыстық «Қызылорда-Ньюс» интернет-газеті бас редакторының орынбасары;
Ғабит Сапарбеков – Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің спорт шолушысы;
Өмірбек Сансызбаев – massaget.kz сайтының спорт шолушысы.