Вернуться к списку статей

“Шахтер” “Ақтөбені” де ұтады – Ришад Тұрғанбай

Футбол
1K
Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы – Ришад Тұрғанбай
Қазақстан премьер-лигасындағы VІІІ турдың кейінге шегерілген екі ойынының бірі ертең өтеді.

VІІ турдың төрт матчына Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы Ришад Тұрғанбай болжам жасаған болатын. Енді кейінге шегерілген матчтың бірі жайлы өз ойын ортаға салады.

«Ақтөбе» – «Шахтер» – 1:2

«Шахтер» үш ұпай үшін бар күшін салады. «Ақтөбенің» айтарлықтай қарқыны жоқ. Көш соңына түсіп қалғаны, ойыншылардың да жүйкесін жұқартқан. Жеңіске деген жігеріне осы себеп деп айтуға болады.

Үшінші орын бәсекесі қызып тұр...

Өткен, ХVІІ турдың ойындарына Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің спорт шолушысы Фархат Әміренов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты матчтың нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.

Фархат Әміреновтің ХVІІ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылысты. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

**** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика