Қазақстан премьер-лигасының VІІ туры осыдан бір ай бұрын, 16 сәуір күні өтіп, «Ақтөбе» – «Атырау» кездесуі кейінге шегерілген. Бұл турға Шымкенттегі әріптесіміз болжам жасап, бес ойыннан жеті ұпай жинаған болатын. Енді өз көрсеткішін ұлғайта түсуге мүмкіндігі бар.
«Ақтөбе» – «Атырау» – 2:1
Қос команданың да бас бапкері ауысты. Чемпионаттағы жағдайлары мәз емес. Әйтсе де, «Атырау» соңғы турларда «есін жинап» ұпай жинай бастады. Азулы «Қайратты» жеңіп, «Тараз» бен «Қайсарды» да тізе бүктірді. Ал оңтүстікамерикалық жігіттерді жинап алған «Ақтөбенің» ойыны жүрмей тұр. Негізі, мықты команда. Жиі шабуыл жасайды, әттең жолдары болар емес. Осы жолы «Ақтөбе» шабуылшыларының бағы жанып, кем дегенде 2 гол соғады деп ойлаймын. Тартысты кездесуде «Ақтөбе» жеңуі керек.
Көшбасшылар көбейді
Өткен, ХІІ турдың ойындарына Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әділжан Үмбет болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты матчтың нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.
Әділжан Үмбеттің ХІІ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Ғабит Сапарбеков екі ойынның, ал Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты. Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін және екі ойынның доп айырмасын болжап шықты.
** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.