Вернуться к списку статей

Еуропа лигасының финалына Амангелді Сейітхан мен Жандос Айтбаұлы шықты

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Еуропа лигасының финалына Амангелді Сейітхан мен Жандос Айтбаұлы шықты
Еуропа лигасының финалына шыққан «Манчестер Юнайтед» пен «Аякс» матчтына болжам жасайтын «букмекерлер» де анықталды.

«МЮ» – «Сельта» кездесуіне Жандос Айтбайұлы мен Уәлихан Қосанбай болжам жасаған. «Олд Траффордтағы» ойыннан екеуі де ұпай ала алмағанымен Вигодағы кездесудің қорытындысы бойынша финалға «Хабар» агенттігінің журналисі өтті.

Ал «Аякс» – «Лион» текетіресінің бірінші кездесуінен Есей Жеңісұлы мен Амангелді Сейітхан бір-бір ұпайды еншілеген болатын. Алайда, Франциядағы ойынның дәл нәтижесін тапқан Амангелді Сейітхан өз туған күнінде өзіне керемет сыйлық жасап, 4:1 есебімен жеңіске жетті де, Стокгольмдағы финалға болжам жасау құрметіне ие болды.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика