Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Еуропа лигасының финалына кімдер шығады?

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Еуропа лигасының финалына кімдер шығады?
Бүгін Еуропа лигасында жартылай финалдың жауапты кездесулері өтіп, кімдердің Стокгольмдегі «Достар Арена» стадионында кубокқа таласатын қос команда анықталады.

«Олд Траффордтағы» «Манчестер Юнайтед» пен «Сельта» кездесуіне Жандос Айтбай мен Уәлихан Қосанбай болжам жасаған. «Хабар» агенттігінің журналисі 3:1 есебіне бәс тігіп отыр. Ал «Вести.кз» сайтының редакторы испандықтар негізгі уақытты 1:0 есебімен өз пайдасына шешіп, пенальти сериясында «МЮ»-дің бағы жанады деп отыр.

Франциядағы «Лион» – «Аякс» кездесуіне қазақ спорт журналистикасының алыптары Есей Жеңісұлы мен Амангелді Сейітхан болжам жасады. Кімдердің финалдық ойынға да болжам білдіретіндіктері бүгінгі ойындардан кейін анықталады.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика