Вернуться к списку статей

“Қайрат” пен “Ордабасы” биыл да тең түседі – Ғабит Сапарбеков

Футбол
1K
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Ғабит САПАРБЕКОВ
Қазақстан премьер-лигасының VІІ турдағы бес ойынына Ғабит Сапарбеков болжам жасайды.

VІІ турдың бес ойынына (бір матч кейінге шегерілген) Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Ғабит САПАРБЕКОВ болжам жасап, өз ойымен бөлісті.

«Шахтер» – «Тобыл» – 1:1

Биыл «Тобылдың» қарқыны – мықты. Тетрадзенің командасы қорғаныста да, шабуылда да сәтті ойнап жүр. Әйтсе де, енді қарағандылықтарға шегінетін жер жоқ. «Астанамен» тең түсе жаздаған «Шахтер» бұл кездесуде бір ұпай еншілеуі тиіс.

«Қайрат» – «Ордабасы» – 2:2

Былтыр «Қайрат» «Ордабасыны» бірде-бір рет жеңе алмағандықтан чемпион бола алмады. Қос команда премьер-лиганың ең әдемі матчын өткізетін секілді. Кез келген нәтиже тіркеледі. Тең есеп болып қалады деп болжап отырмын.  Бір доп айырмашылығымен алаң иелері жеңуі де мүмкін. Дегенмен, итжығысқа тоқтаймын.

«Қайсар» – «Ертіс» – 1:1

«Қайсар» өз алаңында голды сирек жібереді. Қорғанысқа мән береді. Ал, «Ертіс» оңайлықпен жеңіле салмайды. Бұл кездесуде қос команда ұзақ арбасып, тең түседі.

«Тараз» – «Ақжайық» – 2:1

Тараздықтар өз алаңында кез келген командамен тайталаса алады. «Ақжайық» болса, чемпионаттағы негізгі қарсыластарының бірі. Осы кездесуде үш ұпай алып қалу үшін бар күшін салады. Ал, «Ақжайық» гол соқпай қайтпайтын сияқты.

«Оқжетпес» – «Астана» – 0:2

Стоилов өте керемет стратег екенін дәлелдеумен келеді. Көп күш жұмсамай жеңіске жетуді біледі. «Оқжетпеске» бір гол салып алса, соқыр ұпай ұстата қоймас. «Астананың» жеңісіне куә боламыз.


Өткен, VІ турдың ойындарына Қызылорда облыстық «Қызылорда-Ньюс» интернет-газеті бас редакторының орынбасары Әлібек Байшүленов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден журналистің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.  

Әлібек Байшүленовтің VІ турға берген болжамының қорытындысы


«Болжам-бәйге» кестесі

 


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика