Вернуться к списку статей

Еуропа лигасының "Болжам-бәйгесі". "МЮ" ақыры жеңіске жетті

Футбол
1K
Еуропа лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 5-тур ойындары біраз мәселенің бетін ашып берді. Спорт журналистері арасындағы «БолҮш «букмекердің» келесі кезеңге шығатын мүмкіндігі зор.

«А» тобы. Екі матчтың қорытындысын тапқан Арай Ізбайдың еншісінде 12 ұпай бар. Соңғы турда оған бір матчтың қорытындысын тапса, жетіп жатыр. Ал Ғалым Сүлейменге өте қиын. Ол екі матчтың дәл нәтижесін тауып, басты бәсекелесі Бек Төлеуов пен Арсен Ғұбашевтің сүрінгенін күтуі тиіс. Бірақ осыған дейін матчтың дәл нәтижесі былай тұрсын, доп айырмашығын да тауып көрмеген «Айқын» газетінің спорт редакторынан мұндай ерлік күту қиын-ау.

«В» тобы. Басқалары сүрініп жатқанда, «Астана» мен «Апоэл» матчының арқасында еншісіне екі ұпай жазған Сәкен Сыбанбай бәсекелестерінен тағы да ұзай түсті. Енді оны қуып жету оңай болмас. Бір аяқпен плей-оффта тұрған «Алматы ақшамының» журналисі соңғы турда сенсацияға жол бере қоймас.

«К» тобы. Есей Жеңісұлын құртып келе жатқан өзінің сүйікті «Интері». Үнемі италиялықтардың жеңісіне бәс тігіп, содан зардап шегіп келеді. Әйтпесе баяғыда-ақ плей-офф кезеңіне жолдама алып қояр еді. Бірақ әлі де кеш емес. «Спарта» – «Саутгемптон» матчының дәл нәтижесін тауып, бірінші орынға бір-ақ көтерілді. Жалпы, бесінші тур «К» тобының турнир кестесін төбесінен бір-ақ төңкерді. Көш басындағылар төмен сырғыса, төмендегілер жоғары көтерілді.

«L» тобы. Сыр саңлағы Әділбек Жақанов көш басындағы орнын ешкімге босатар емес. Бұл жолы да еншісіне үш ұпай жазып, бәсекелестерінен ұзай түсті. Соңғы турда оған бір матчтың қорытындысын тауып жатса жеткілікті болмақ. Ал Жандос Айтбай Еуропа лигасының топтық кезеңі арқылы плей-офф кезеңінің жолдамасын алу мүмкіндігінен айрылды. Дегенмен, ол өз мақсатына Қазақстан Премьер-лигасының «Болжам-бәйгесінде» қол жеткізіп қойған.

Ойындар нәтижесі және мамандар болжамы


Турнир кестесі.




Болжам-бәйге ережесі

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика