Еуропа лигасының командалары топтық кезеңдегі төртінші ойындарын өткізді. Ал біз таңдап алған төрт топтағы текетірес тіптен қызып тұр. Бір жағынан бұл топтағы ойындардың көркін қыздырып тұрған өзіміздің 16 спорт журналисіміз.
«А» тобы. «Манчестер Юнайтед» Түркияда «Фенербахчеге» шамасы жетпейді деп ешкім ойламаса керек. Шынында да, Стамбулда біздің болжамшыларымыздың үш ұйықтаса түсіне кірмеген нәтиже тіркелді. Есесіне Арай Ізбай мен Бек Төлеуов «Заря» – «Манчестер Юнайтед» матчының дәл есебін тауып, турнирлік жағдайларын түзетіп алды.
«В» тобы. Спорт журналистерінің арасынан ең көп ұпай жинаған Сәкен Сыбанбай болды. «Астана» мен «Олимпиакостың» бір-бір голмен тең тарқасатынын дәл тапты, екіншісінің доп айырмашылығын тура болжады. Осылайша өзінің бұрынғы үш ұпайына тағы бес ұпай қосып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Өзгелері де ұпайсыз қалған жоқ. Тимур Сулейменов пен Дастан Кенжалин еншісіне үш баллдан жазса, Уәлихан Қосанбай екі ұпайды қанағат қылды.
«К» тобы. Төрт «букмекердің» үшеуі үш ұпайдан еншілесе, Ермек Төрениязов қоржынына екі балл салды. Соған сәйкес, турнир кестесіне де өзгеріс енген жоқ.
«L» тобы. Екі матчтан Амангелді Сейітхан ғана еншісіне бір ұпай жаза алды. Қалғандары үшін бұл тур тым сәтсіз болды. Бұған себеп те бар. «Вильярреал» – «Османлыспор» кездесуінде қонақтар жеңіске жетеді деп түріктердің өздері де ойламаған шығар.
Мамандар болжамы мен ойындардың нәтижелері
Турнир кестесі