Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге бәсекесінде Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Футбол
2K
Гейнрих гол соғып, Аршавин үйленді...
Астана футбол федерациясының кеңсесінде «Болжам-бәйге» бәсекесенің Чемпиондар лигасына арналған жеребе тарту рәсімі өтіп, қатысушылар өз топтарын анықтады.

32 қатысушы алдымен төрт себетке бөлінген. Бірінші себетке футболшылар, екінші себетке қайраткер, блоггер, шоумендер, жалпы есімдері елге танымал азаматтар, үшінші себетке спортқа жақын арулар және төртінші себетке спорт журналистері орналасқан. Жеребе қорытындысы бойынша, 32 қатысушы 8 топқа бөлінді.

Енді алғашқы тур Чемпиондар лигасының алғашқы турының қарсаңында 12 қыркүйекке жоспарланған.   

Естеріңізге сала кетейік, ереже бойынша әр қатысушы Чемпиондар лигасының турлары қарсаңында өз тобындағы ойындарға болжам жасап, матчтардың есептерін дәл көрсетулері тиіс. Ойын есебін дәл тапқан болжамшы үш ұпайды еншілесе, доп айырмашылығын тапқанға екі ұпай беріліп, матч қорытындысын тура болжағанға бір ұпай тиеді.


«Болжам-бәйге» бәсекесінің толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика