Вернуться к списку статей

Еурокубоктар бәйгесінде Айдын Қожахмет көш бастады

Футбол
2K
Болжам-бәйге: Алтыншы турдан кейінгі жағдай
“Еурокубоктар” бәйгесінде бес болжамшымыз кешегі ойын нәтижесін дәл тапты. Төрт адам үміт сәулесі көмескі болса да, «Астанаға» сенім артты.

Бұл турда бес болжамшымыз «Селтик» – «Астана» арасындағы ойын нәтижесін дәл шешті. Енді екі маманымыз Шотландия чемпионының жеңіске жететіндігін шешіп, бір ұпайдан еншіледі.

Бәйгемізге қатысатын үш адамның патриоттық сезімдері басым болып шықты. Оларға ұпай жинап, бәйгеде алдыңғы лекте болу маңызды емес. Ең аяғы болжамдарымен де өз командаларымызды қолдауға тырысады.

Енді бір көңіл аударарлық жәйт, болжамшыларымыздың ішінде Айдын Қожахмет пен Құралбек Ордабаев ұпай ала алмай қалған тур жоқ. Екеуі де барлық турда ойын нәтижелерін нобайлап болсын шешіп, жаза басқан емес.

Енді кешегі матч пен алты турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртіңіздер:

Чемпиондар лигасы: «Селтик» (Шотландия) – «Астана» – 2:1




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика