Біздің “Еурокубоктар” деп аталатын бәйгемізге қатысушы мамандар «Астананың» «Жальгиристің» Чемпиондар лигасындағы “саяхатына” Сарыарқа төсінде нүкте қоярына бек сенімді.
Ал «Қайрат» пен «Маккаби» (Тель-Авив) клубтары арасындағы болжамдар екі айырылады. Біразы «Қайрат» Еуропа лигасы аясындағы “жорығын” Израильде тәмамдауға мәжбүр болады десе, көбісі алматылықтардың түзде ойнаса да, айласын асырады деп үміттенеді.
Енді бәйгемізге қатысушы мамандардың болжамдарына назар аударыңыздар: